Жыл басынан бері темір жол бойында 26 адам қаза тапқан

Қауіпсіздік
23.09.2025, 08:43
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Теміржол қауіпті аймақ!» деп дабыл қаққан ақтөбелік теміржолшылар елімізде адамдардың қатысуымен 40-тан аса оқыс оқиға тіркелгенін айтып отыр. Осыған орай Ақтөбе станциясында қауіпсіздік акциясы өтті.

Жедел профилактикалық іс-шара өткелде рейд жүргізуден басталып, әрі қарай темір жол колледжіндегі студенттер кездесуімен жалғасты. Рейдке Ақтөбе станциясының басшылығы, локомотив пайдалану депосының бас инженері, жол дистанциясы мен тәртіп сақшылары шығып, ел азаматтарына жол қоғалысы ережелерін сақтауды қаперге салды.  

Ақтөбе станциясының басшысы Нұрлан Ермағамбетов, жыл басынан бері елімізде адамдардың қатысуымен темір жол бойында 45 оқыс оқиға болып, соның салдарынан 26 адам қаза тапқанын атап өтті. Қайғылы жағдайлар Қазақстан темір жолының 15 бөлімшесінде тіркеліпті.  

Рейд кезінде теміржолшылар өткелді кесіп өтпек болған жолаушыларды тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік сақтауды ескертетін ережелер жазылған парақшалар таратты. Ал ақтөбелік теміржолшылардың дені теориялық білім алатын колледждегі кездесу барысында студенттер қауіпсіздік акциясына қатысты мәселелерден бөлек, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу, бос ваканциялар туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оған жауап та алды.  

«Қазір пойыз саны көбейіп жатыр. Қандыағаш, Хромтау, Ақтөбе станцияларында көбірек пойыз өткізу іс-шаралары қабылданды. Бұл дегенің жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Сондықтан теміржолшылар үшін мүмкіндіктер көп. Сіздер қазірден теориялық білімге ден қойыңыздар. Бұл салада ең басты талап – жауапкершілік. Ал ол тәртіптен басталады. Сондықтан бұл белгілерді қазірден әдетке айналдырыңыз. Станцияда тұрған құрамның астынан жүрме, жолды кесіп өтпе. Машинист, кезекші ондай қозғалыстарды көрмей қалады. Сондықтан белгіленген тәртіп сақталу керек. Құрамды айналып өтуге ерінбеңіз. Теміржолдың барлық жері қауіпті аймақ», – деді Ақтөбе локомотив пайдалану депосының бас инженері Бақытқали Жанесов.  

Кездесуге Ақтөбе жол дистанциясының еңбекті қорғау жетекшісі де қатысты. Қауіпсіздік тақырыбында баяндама жасап, мысалдар келтірді. Теміржол сақшылары суық қару ұстау, есірткі қолдану сияқты заңға қайшы жат дүниелерден сақ болып, болашақ теміржолшыларға өз ісінің білгірі болуға қазірден дайындалуға, оның негізі білімде жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, теміржолшы болудың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан артықшылықтары бар екенін жеткізді.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты