Өрт сөндіру пойызының дайындығы пысықталды

Қауіпсіздік
07.10.2025, 08:33
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесіне қарасты өрт сөндіру пойызының 2025-2026 жылдарға арналған қысқы дайындығы тексерілді.

Өрт сөндіру пойызының бас инженері Темірбек Елғонды бүкіл процесті бастан-аяқ өз бақылауына алды. Өрт сөндіру пойызының агрегаттары мен мотопомпалардың жұмысы жіті тексеріліп, техникалық жағдайы бағаланды. Пойыздың жылу жүйесі, төтенше жағдайға дайындығы және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі оң бағаланды. Өрт сөндіру пойызы 54,860 тонна отынмен қамтамасыз етілген, жеке құрам арнайы киіммен 100 пайыз жабдықталған.

Мамандардың айтуынша, қыстың алдында жүргізілетін тексеріс – қауіпсіздіктің басты кепілі. Қыста ауа райының күрт өзгеруі мен қатты аяздың алдын алу үшін барлық салада дайындық шаралары жалғасуда.

Ақтөбе өрт сөндіру пойызының қарауыл бастығы Жаңбырбай Әбдіғазиев тұрғындар қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райын бақылап отыруды, қарлы боран кезінде алыс жолға шықпауды қаперге алуды ескертті.

 

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі