Маңғыстау теміржолында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қауіпсіздік
10.10.2025, 09:00
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен айда жарияланған «Шара қолдан – өміріңді сақта» айлығы аясында Маңғыстау теміржолында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Бас қауіпсіздік ревизоры М.Шакеновтің жеделхаты бойынша атқарылған жұмыстардың мақсаты, аты айтып тұрғандай, адам өмірін сақтауға арналды. Аталған айлықты негізге ала отырып Маңғыстау жол дистанциясы арнайы жоспарын жасақтап, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарының әкімдіктері, Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімімен бірлесіп тұрғындар және мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырды.  

– Өкінішке орай, бүгінде статистика бойынша түрлі себеппен пойыздың астына түсіп ажал құшқандар саны адам шошырлық. Осы жылдың басынан бері 47 адамды пойыз басу оқиғасы тіркеліпті. Оның ішінде 26-сы қаза тауып, 21-і түрлі деңгейде жарақат алған. Айдың күні аманында осынша жанның қарапайым қағидаларды ескермей немесе басқа да себептермен темір жолға шығып, қаза тапқаны жанымызды ауыртады. Сондықтан халықпен кездесулерде осыны түсіндіріп, жолда жүрудің ережелерін ескертіп, асыл өміріңді аяла, адамдар, өмір бір-ақ рет беріледі дегің келеді, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаев.  

Жол дистанциясының қызметкерлері жоғарыда аталған әкімдік және желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп бірнеше ауылды аралап, тұрғындармен кездескен. Болашақ ауылындағы №10 орта мектепте, тағы бірқатар мекемелерде бейнероликтер мен суреттерді және көрнекілік құралдарын қолдана отырып, тақырып туралы тереңінен мағлұмат берген. Мұндай жиындар Болашақтан соң Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы лицейінде, Қарақия станциясы мектебінде, Маңғыстау станциясындағы орта білім беру мекемелерінде, Боздақтағы бастауыш мектепте өткен.  

Дистанция өкілдерінің айтуынша, жалпы бұл бағытта телім басшылары ай сайын оқушыларға түрлі профилактикалық кездесулер ұйымдастырып тұратын көрінеді. Сондай-ақ теміржол аумағында «Қызмет жолы», «Сақ болыңыз», «Темір жолдан белгіленген арнайы өткел жолдан өтіңіз», «Пойыздан сақтан!» «Ата-аналар, қауіпті аймақта баланы қараусыз қалдырмаңыз!» деген баннер-тақтайшалар ілулі тұр.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл