Өткел қауіпсіздігі – сенімді қолда

Қауіпсіздік
24.10.2025, 09:12
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Аса қауіпті аймақ саналатын теміржол бойындағы өте жауапты қызметтердің бірі – өткел кезекшісі. Елордалық теміржолшы Жамбыл Құрманов Астана станциясындағы теміржол өткелінде он жылдан бері кезекшілік қызмет атқарады.

Ақмола облысы Ерейментау ауданының Жаңажол ауылында дүниеге келген Жамбыл Бейбітұлы осыдан жиырма жыл бұрын елордаға көшіп келіп, Астана жол дистанциясына жолшы болып жұмысқа тұрады. Қысы-жазы далада жүрсе де жолдың бойында жұмыс оған ұнайды, әрі тұрақты табыс пен еңбек жағдайы жасалған жерге тастай батып, судай сіңді. Темір жолдың ішкі тәртібіне бейімделіп, қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтарды жаттап алды. 2015 жылдан бастап өткел кезекшісі қызметіне ауысты.  

– Өткел кезекшісі – сырттай қарағанда жол бойындағы будканың ішінде отырып, пойыз келсе шлагбаумды ашып-жауып тұратын жеңіл жұмыс сияқты көрінгенімен, моральдық және қауіпсіздік тұрғысынан жауапкершілігі өте жоғары жұмыс. Себебі автокөлік жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де тәртіпке бағынбай, жол-көлік ережесін өрескел бұзатындары көп. Пойыздың жақындап қалғанына, шлагбаумның жабық тұрғанына қарамай зулап өтіп кететін көліктер бар. Алайда сондай асығыстықтың соңы не болатынын кейде болжаудың өзі қорқынышты. Өткелде камера орнатылмаған, оларды аяқ асты телефон камерасына түсіріп те үлгермейсің, тек көлік нөмірін жазып алып, желілік полицияға хабарлап отырамыз. Жауапқа тарту мәселесімен солар айналысады. Одан бөлек, құлаққап киіп алып, келе жатқан пойыз дауысын естімей, көрмей жолдан өтетін жастар көп. Болмаса ішімдіктің буымен жүретіндер, тіпті қарттықпен есін білмей жол бойына тұрып алатын қариялар да кездеседі. Әуелі ысқырықпен белгі беріп, назарын аудартуға тырысамыз, болмаған соң өзіміз жүгіріп барамыз. Қаншама рет өз өмірімді қауіпке тігіп, келе жатқан пойыздың алдынан оларды жолдың арғы бетіне алып өткен кездерім болды. Кейбір көліктер пойыз жоқта тура жол ортасына келгенде тұрып қалады, ондайда тросс апарып, басқа көліктермен сүйреп әкетуге көмектесеміз. Станция диспетчеріне хабар беріп, бері қарай әзірге пойыздарды жібермеуін ескертеміз. Жалпы өзім тұрған жерден темір жолдың екі жағына 50 метрге дейінгі аумақта бөгде заттар мен адамдардың болмауын кезекшілігімде қырағылықпен қадағалап, қайта-қайта тексеріп отырамын. Себебі сан мыңдаған тонна ауыр жүк құрамдары жүретін рельс бойында жатқан кез келген көлденең зат оған қауіп төндіреді, – дейді өткел кезекшісі.  

Төрт баланың әкесі темір жолдағы осындай қиын да жауапты жұмысымен отбасын асырап отыр. Адал еңбегі бағаланып, басшылықтың алғыс хатын алды, төсіне «Темір жолдағы 10 жылдық қызметі үшін» белгісін тақты. Алдағы жылдары оған 20 жылдық та қосылады.  

Жамбыл Бейбітұлы ауысымға таңертең 8.00-де түсіп, кешкі 20.00-ге дейін, ал түнгі ауысымда әрі қарай таңға дейін қауіпсіздік күзетінде отырады. Өткелден күніне орта есеппен 30 шақты пойыз өтеді. Өткел кезекшісі өткен-кеткен сол құрамдарға шлагбаумды ашып, сары жалау көрсетіп шығарып салса, пойыздарға жол ашық деп белгі бергені. Ал жолда бір қиындық не кедергі болса, қызыл жалау көрсетеді.  

– Будка ішінде не қажеттің бәрі бар, қысқатолқынды пеш, тоңазытқыш, киім ауыстыратын шкаф және жан-жақпен байланысып отыратын екі телефон бар. Сол арқылы керек кезінде диспетчерлерге хабар береміз. Дистанция жыл сайын жұмыс киімімен қамтамасыз етіп отырады. Жылына 4 рет сыйақы беріледі. Жалпы маңдай термен адал еңбек етемін деген адамға табыстың көзі қай жерде де бар дегенмен, соның ішінде темір жолда жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалған деп айтар едім, – дейді өткел кезекшісі Жамбыл Құрманов.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті