Ақтөбе телімінде он айда 3 оқыс оқиға тіркелді

Қауіпсіздік
31.10.2025, 09:05
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылдың он айында Ақтөбе телімінде 3 оқыс оқиға тіркеліп, бір адам мерт болды. Қараусыз малдың жолға шығуына байланысты жылжымалы құрам 27 рет шұғыл тоқтатылған.

Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Ақтөбе телімі бойынша бас ревизоры Еркінбек Елғонды 10 айдың жұмысын қорытындылап, осындай фактілерді жария етті. Теміржол көлігінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін түрлі тәуекелдер мен сыртқы факторларды талдаудың маңыздылығы айтылды. Қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі қауіп-қатерлер аталды. Олардың қатарында: темір жол маңында қараусыз жүрген мал; азаматтардың рұқсат етілмеген жерден өтуі; көлік жүргізушілерінің теміржол өткелдеріндегі ережені бұзуы; ауа райының күрт өзгеруі; бөгде адамдардың жол бойына бөтен заттар қоюы; теміржол элементтерін ұрлау және өрт жағдайлары бар. Мұндай оқиғалардың ең ауыр салдары – адам өлімі мен жарақат алу.  

«Қарапайым ережені сақтау үлкен қауіптің алдын алады. Теміржолшылар халықты ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Бірақ тұрғындардың қабылдауы әртүрлі. Оқыс оқиғалар салдарынан қайғылы жағдайлар тіркелуде», – деді Еркінбек Елғонды.  

Теміржолшылар үшін қараусыз малдың теміржолға шығуы – басты қауіптердің бірі. Жыл басынан бері қараусыз малдың жолға шығуына байланысты 27 шұғыл тежеу тіркелген. Оның ішінде 24 жағдайда малмен соқтығысу орын алған, оның 19-ы жолаушылар пойыздарымен болған. Мұндай соқтығыстар теміржол техникасына зиян келтірумен қатар, адам өміріне де қауіп төндіреді. Бұл мәселені азайту үшін Ақтөбе телімінің 20-100 км аралығында теміржол бойына қатты қоршаулар орнатады. Биылғы он айда 7000- нан астам тұрғын мал айдау және бағу ережелерімен таныстырылған.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты