Химиялық төгілу: Атырау станциясында оқу-жаттығу өтті

Қауіпсіздік
13.11.2025, 11:58
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау станциясында «Азматтық қорғаныс қызметтерінің темір жол учаскесінде қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі кезіндегі іс-қимылы» тақырыбында оқу-жаттығу өтті.  

Түскі 15.00-де Атырау станциясының №16 сұрыптау жолында пойыз құрастырушы пойыздарды сұрыптау кезінде бір вагоннан сары-жасыл түсті сұйықтықтың ағып тұрғанын байқайды. Шамамен минутына 30 тамшыдай тамып тұр екен. Осыны бақылап тұрған пойыз құрастырушы әлсіреп, есінен танып бара жатқанын сезіп, жалма-жан станция кезекшісіне хабарлап үлгереді. Кезекші белгіленген кестеге сәйкес жедел байланыс құралы арқылы аймақтық пойыздарды басқару орталығы «РЦУП-Ақтөбе» кезекшісіне, Ақтөбе қаласындағы пойыз диспетчеріне, қалалық өрт сөндіру қызметі 101 нөміріне, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің Атырау орталықтандырылған өрттік байланыс пунктінің диспетчеріне және Ақжайық өрт сөндіру пойызына, сонымен қатар желілік полиция, СЭС, ВЖДО, ТЖМ және экология департаменттеріне хабарлайды.  

Әскерилендірілген күзет мамандары оқиға болған жерді қоршап, жедел жеткен апатты-құтқару отряды мамандары есінен танып жатқан  пойыз құрастырушыны алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстайды. Осы кезде тепловоздан дизельді насостың бұзылуы себепті өрт шығып жатқаны байқалады. Машинист тепловозды құрамнан өзі ажыратып, артқа жылжытып оқшау жерге алып кетеді. Өрт сөндіру гидранты 700 метр қашықта болғандықтан шұғыл жеткен өрт сөндіру пойызы пайдаланылып, өртеніп жатқан тепловоз тез сөндіріледі. Апатты-құтқару отряды сұйықтық аққан вагонды арнайы құралдармен бітеп, ағуын тоқтатады. Оқиға болған жерге радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің мамандары келіп арнайы аппаратпен ауаның қаншалықты ластанғанын тексереді. Бірақ тұрғындарға қауіп жоқ болып шықты, лас ауа біртіндеп сейілген.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл – жылына екі рет болатын жоспарлы өрт сөндіру оқу-жаттығуы.  

– Оқу-жаттығуға қалалық деңгейдегі өртке қарсы қызмет және Ақжайық өрт сөндіру пойызы, әскерилендірілген теміржол күзеті, НЖС, НОД, ШЧ, ЭЧ, ДС мамандары қатысты. Бұл жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау үшін, улы заттардың төгілуі кезіндегі іс-қимыл, байланыс саласы мен құралдарының сапасын тексеру және тұрғындармен түсіндіру, оқыту жұмыстарын жүргізу және апатты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға үйрену үшін қажетті іс. Оқу-жаттығуға әртүрлі құрылымдардан барлығы 50 адам, 1 пойыз және 7 техника жұмылдырылды, – дейді ол.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты