«Өртке оранған» тепловоз

Қауіпсіздік
02.12.2025, 08:27
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау ЖТ бөлімшесі Ганюшкино станциясында «ТЧЭ-3 және ТД-26 мекемесіне қарасты локомотивтегі өртті сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша бөлімі, Атырау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастамасымен Құрманғазы аудандық ТЖ басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі А.Қоңқаевтың «2025 жылға теміржол нысандары мен жылжымалы құрамдарында өрт-тактикалық жаттығулар өткізу» бұйрығына сәйкес өткен оқу-жаттығуға Ганюшкино өрт сөндіру пойызы, аудандық өрт сөндіру бөлімі, ВЖДО 59-шы атқыштар командасы, электрмен қамту станциясы, аудандық аурухана, желілік полиция, вагон, локомотив деполары мен станция қызметкерлері, барлығы 5 техника, 42 адам қатысты.  

Тақырыпқа сәйкес Ганюшкино станциясының №27 тұйық жолында шартты түрде тепловоздың өртенуі орын алды. Электр жабдығы түтіндеп, содан өрт шыққан. Оны байқаған машинист станция кезекшісіне хабарлайды. Ганюшкино станциясының кезекшісі вагон құрастырушыға вагонды дереу құрамадан ажыратуға тапсырма беріп, арнайы оқшауланған жолға шығарады да, Ганюшкино станциясы өрт сөндіру пойызы жанып жатқан вагонды өшіруге кіріседі. Барлық құрылымдардың дер кезінде бірлесе әрекет етуі нәтижесінде тілсіз жау дер кезінде құрықталады. Зардап шеккендер жоқ. Қорытынды бойынша жоспарлы өрт-тактикалық жаттығуға «қанағаттанарлық» деген баға берілді.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, жылына екі рет болатын жоспарлы өрт сөндіру оқу-жаттығуы – жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау үшін, апатты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға үйрену үшін қажетті шара.  

– Тепловозда өрт шыққан жағдайда оны оқшаулап, өртті сөндіру кезінде туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі шартты түрде өткен оқу-жаттығуға Ганюшкино өрт сөндіру пойызынан 12 адам, станцияның азаматтық қорғау құрылымдарынан 4 адам, әскерилендірілген теміржол күзетінен 8 адам, ЭЧ-ден 3 адам, аудандық өрт сөндіру бөлімінен 7 адам, жедел жәрдем қызметінен 2 адам, 1 пойыз және 5 техника осы шараға жұмылдырылып отыр. Өрт 10 минутта сөндірілді, – деді ол.  

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты