Дайындықтарын шыңдады

Қауіпсіздік
09.12.2025, 09:39
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясында қалааралық тасымалда жүрген пойыздан өрт шықты. Жолаушылар вагонында пайда болған қызыл жалынды ауыздықтауға оқиға орнына тиісті құрылымдар жедел жетті.

Теміржол көлігіне қатысты өртке қарсы өткен кезекті оқу-жаттығудың сценарийі осылай өрбіді. Күндізгі сағат 11.20 уақытында Болашақ станциясының кезекшісі Б.Әбеновке №6994/6993 Өзен-Болашақ Өзен қалааралық жолаушылар пойызының №24710 вагонында өрт басталғаны туралы хабарлама түседі. Оқиғадан хабардар болған кезекші дереу қажетті мекемелерге ақпаратты жеткізіп, станциядағы тиісті қызметтерді аяққа тұрғызады. Арада он минут өткен соң Болашақ өрт сөндіру пойызының «Камаз» АЦ-7-60 өрт сөндіру автокөлігі деподан толық құрал-жабдығымен оқиға орнына аттандырылып, 11.40 минутта өртеніп жатқан вагонға өрт сөндірушілермен бірге жетіп, өз қызметіне кіріседі. Көп ұзамай вагонның жан-жағын «жалмап» жатқан тілсіз жау ауыздықталып, толықтай сөндірілді. Өз міндетін орындаған құтқарушылар командасы 12.15 минутта оқиға орнынан депоға қарай қайта бет алды.  

– Бұл біздің жыл басынан бергі төртінші оқу-жаттығуымыз. Әр тоқсанда бір рет дайындықты сынақтан өткізіп отырамыз. Осы жолы «Камаз» АЦ-7-60 өрт сөндіру автокөлігін тарта отырып, өрт сөндіру депосынан 2 км қашықтықтағы пойыздан шыққан өртті сөндіру барысын сынап көрдік. Бәрі ереже бойынша, ойдағыдай өтті. Өрт сөндіру техникасы ереже бойынша қыс мезгілінде өрт болған жерге 20, жаз маусымдарында 10 минуттан кешікпей жетіп баруға тиіс. Біз осы оқу-жаттығу барысында 10 минутта жиналып, 10 минуттың ішінде сол жерден табылдық. Аталған дайындықты тексеру іс-шарасына өрт сөндіру пойызынан – 9, Болашақ станциясынан – 20, әкімдіктен – 2, ПЧ мекемесінен – 10, Теміржолсудан – 4, ТҚКП-нен – 6, вокзалдан – 1, белгі беру және байланыс дистанциясынан – 3, теміржол күзетінен – 4, электрмен жабдықтау дистанциясынан – 3, қаламаңы тасымалы мекемесінен 2 адам қатысты, – дейді Болашақ өрт сөндіру пойызының қызметкері Ерболат Бытықов.  

Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды