Әдістемелік сабақ өтті

Қауіпсіздік
26.12.2025, 08:55
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

 Атырау магистральды желі бөлімшесі ғимаратының акт залында «Азаматтық қорғаныс имиджін көтеру» тақырыбында семинар-сабақ өтті. Шараны бөлімшенің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырып, оған ПЧ, ШЧ, ЭЧ, НЖС-13 аппарат басқармасы, өрт сөндіру, қалпына келтіру пойыздары, вокзал шаруашылығынан азаматтық қорғанысқа жауапты мамандар, барлығы қырыққа жуық адам қатысты. Шараны бөлімше бас инженері Амангелді Рахмеденов ашып, өндірісте азаматтық қорғаныс шараларын дұрыс жүргізе білудің маңызына тоқталды. 

Сабақтың теориялық бөлімінде облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Данабек Әзірбаев «Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?» деген тақырыпта дәріс оқып, мамандар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағлайлар, жер сілкінісі, өрт қауіпсіздігі, газдан улану, өрт сөндіргішті пайдалану, т.б. туралы айтты. «Мәселен, қарапайым телефон қуаттағыштан да өрт шығып жатады. Үй жылыту қазандарының мұржаларын тазалау да маңызды, өйткені газ жарылысы осы жерден болады. Шылымды сөндірмеу үлкен өртке ұласуы мүмкін, көліктегі газ баллонға жанар май құю тәртібін білу де маңызды. Қазір Жайық өзенінде мұз жұқа, сондықтан одан өтем деп суға кету қаупі жоғары. Мұздың қалыңдығы 25-30 см болған жағдайда ғана өту, онда да өте сақ болу қажет» деп атап өтті мамандар.

Практикалық бөлімінде ТЖД Жедел құтқару жасағының және Апаттар медицина орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсету, травматизмнің алдын алу қағидасын, сондай-ақ түтінге не газға уланғанда, өрт шыққанда, суға кеткенде, суға тұншыққанда, т.б. төтенше жағдайларда қандай іс-әрекет жасау керектігін көрсетті. Себебі көбінесе адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде  тіпті туысы, танысы немесе досына көмек  көрсете алмай жатады. Мамандар сондай-ақ көлік апаты кезінде, аяғы не қолы сынған сәтте қандай әрекет жасау, вена мен артерия қан тамырларының айырмашылығы, қанды қалай тоқтату, көз қарашығының жарық сезгіштігін, тамыр соғысын қалай байқау, т.б. көптеген әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көрсетті. 

Мұндай әдістемелік сабақты жиі ұйымдастырып отырамыз. «ҚТЖ ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының бас инженері К. Урынбаевтың хатына сәйкес, жыл аяғында қорытынды шара өткіздік. Оған көптеген теміржолшылар, жауапты мамандар қатысты. Өйткені, төтенше жағдайлар кезінде апаттың алдын алу не аман қалу адамдардың әрекет етуіне, яғни құтқару біліктілігіне де байланысты. Сондықтан осындай әдістемелік сабақ өткізген облыстық ТЖД мамандарына үлкен ризашылығымды білдіреміз, - дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын-алу бөлімінің жетекші инженері Ақзия Сисенова. 

Шара соңында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай саласында жақсы жұмыс істеген мамандарға бөлімше басшысының атынан Алғыс хат табыс етілді. 

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты