Алматыда арнайы сабақ ұйымдастырылды

Қауіпсіздік
06.02.2026, 09:28

Алматыда азаматтық қорғаныс беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес теміржол қызметкерлері арасында түсіндіру және практикалық оқу сабағы ұйымдастырылды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Алматы филиалы мен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Алматы магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері қатысқан іс-шара ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның №190 бұйрығына сәйкес өтті. Оқу сабағына Достық станциясы мен Алматы-1 және Алматы-2 станцияларының қызметкерлері қатысып, Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры А. Жексембиев жетекшілік етті.  

– Азаматтық қорғаныс – баршамызға ортақ жауапкершілік. Біз азаматтық қорғаныс талаптарын қатаң сақтап, қауіпсіздік мәдениетін күнделікті жұмысымыздың бір бөлігіне айналдыруымыз қажет. Бұл тек өзіміз үшін емес, әріптестер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды фактор екенін естен шығармауға тиіспіз, – деді өз сөзінде Асқар Төреханұлы.

Сонымен қатар азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі бөлімнің жетекші маманы Б.Еспаев, азаматтық қорғаныс бойынша инженер Н.Серікпаева оқу сабағын ұйымдастырып қана қоймай, жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.  

Сабақ барысында азаматтық қорғаныстың негізгі талаптары, төтенше жағдайлардың түрлері басты назарға алынды. Жалпы төтенше жағдай туындаған кезде хабарлау және эвакуациялау тәртібі, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану жолдарының маңызы сөз болды. Сонымен қатар станциялар мен бекеттер аумағында болуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша нақты мысалдар келтіріліп, іс-қимыл алгоритмдері талқыланды.  

Ерлан ҚУАНДЫҚОВ,  

Алматы-1 станциясының бас инженер

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты