Маңғыстауда мал басу дерегі адам шошырлық деңгейге жетті

Қауіпсіздік
16.02.2026, 15:47
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылы тіркелген дерек бойынша түбекте пойыздың мал басу жағдайы адам шошырлық деңгейде. Айдың күні аманында бір жылда елуге жуық төрт түліктің пойыз астына түсіп арам қатуы кім-кімді де алаңдатпай қоймайды...

Теміржолшылардың бас ауруына айналған бұл жайтқа қатысты  Маңғыстау аймақтық бас ревизоры Болат Дүйсәлиевтің де басын қатырып отыр екен. Өйтпегенде ше, былтыр 45 мал басу оқиғасы орын алса, биыл жыл басталмай жатып, 2 мал басу дерегі тіркеліпті.  

– Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жылына бірнеше жүз мал пойыздың астына түседі. Бұл оқиғалар малды бақылаусыз қалдыру, теміржол аумағына кіріп кетуі салдарынан болады. Мал иелерінің теміржол қатынасы қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтыны, яғни  қадағалаусыз жайылған төрт түліктің жол қатынасына тигізер зардабы туралы ойламайтыны осындай жағдайға әкеп соғуда. Малдың темір жолға тигізер зиянын түсінген адам басқаша әрекет істер еді. Алдымен жол жүру регламенті бұзылады. Тепловоздарға зақым келеді. Жағармай шығындалады. Оқыс оқиға орын алып, апаттық жағдайға дейін жетуі мүмкін. Пойызда қаншама халық немесе қаншама жүк бар екенін ескерсек, апаттық жағдайдың артын ойлаудың өзі қорқынышты. Пойыз – ол қарапайым түзу жолда кетіп бара жатқан жеңіл автокөлік емес. Машинист тежегішті басқанның өзінде мыңдаған тонна салмақпен үлкен жылдамдықта келе жатқан пойыз кілт тоқтай алмайды. Рельстен шығып кету қаупі де жоғары. Осыны халық түсінуі керек қой. Ары-беріден соң асырап отырған ақ-адал малының пойыз астына түсіп арам қатқанына іші ашуы керек қой, – дейді Болат Дүйсәлиев.

Бас ревизордың айтуынша, мал шаруашылығымен айналысатын теміржол маңындағы елдімекендер, станция, бекеттердегі шаруа қожалықтары иелеріне, жеке тұрғындарға темір жолға жақын жерлерде  мал жаюға болмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіледі. Жергілікті әкімдік, ауыл шаруашылығы мамандарымен бірге дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Нәтиже мынау. Сондықтан бұдан былай теміржолшылар темір жол маңында қараусыз малды айдап кетіп, қамауды қолға алмақ. Ол үшін жергілікті әкімдіктерге арнайы орын дайындауға ұсыныс та беріліпті.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл