Бес жылда – жеті оқиға

Қауіпсіздік
09.06.2026, 09:13
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2020-2025 жылдар аралығында Маңғыстау облысы аумағындағы теміржол өткелдерінде 7 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соның ішінде 5 оқиға Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау – Жаңаөзен учаскесіндегі Бекет «Р» – Бекет «Боржақты» бағытының 13-шақырымдағы күзетілмейтін теміржол өткелінде болған.  

– Аймақтағы соңғы бес жылдың деректерін сөйлетсек, теміржолда жеті рет жол-көлік оқиғасы болыпты. Оның бесеуі теміржол өткелінде, қалғаны белгіленбеген орындарда. Бұл жағдайдың бәрі де автокөлік тізгіндеушілердің қателігінен туындаған. Теміржол көлігі өз жолымен келе жатады, онда автожолдағы секілді алдынан шыққан темір тұлпарды айналып өту, жол беру немесе жеңіл машиналар сияқты бірден тоқтау мүмкіндіктері жоқ. Жедел тежеу бергеннің өзінде біраз жерге барып бір-ақ аялдайды. Сондықтан автокөлік тізгіндеушілерге теміржолдан өту ережесін таныстырып, қайта еске салудан жалықпаймыз. Қазір соған байланысты аудан тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп жатырмыз. Бір сәттік немқұрайлылықтың орны толмас қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін екенін БАҚ арқылы жариялап, буклеттер таратып, профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз, – деген Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаев теміржол өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендету, жол белгілері мен бағдаршам талаптарына бағыну, пойыздың жақындап келе жатқанына көз жеткізбей өткелден өтпеу, қарсы бағыттағы көліктерге қарамастан қауіпсіз арақашықтық сақтау секілді ережелерді қатаң сақтау ең алдымен әр жүргізушінің қауіпсіздігі екенін ескертеді.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты