Өткелден өтудің өз ережесі бар

Қауіпсіздік
10.07.2026, 08:46
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының жол бөлімі мен Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі қаладағы теміржол өткелдерінде бірлескен рейд ұйымдастырды.

Шаһарды екіге бөліп кесіп өтетін негізгі магистральдық желі бойында орналасқан Тараз және Талас станцияларындағы қызметтік өткелдер – жаяу жүргіншілердің ағыны толастамайтын қауіпті аймақ саналады. Арғы жақтан да, бергі беттен де темір жол астындағы өткелді де, аспалы көпірді де алыс көріп, өздеріне оңтайлы тұстан кесіп өтуге асығатындар көп. Ол ол ма, тоқтап тұрған жүк пойызы вагондарының астынан өтетіндер де жоқ емес. Рейд кезінде мамандар жол қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған азаматтарға жазбаша ескерту беріп, хаттама толтырды.

– Темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің салдарынан жыл басынан бері пойыздар 69 рет шұғыл жағдайда тоқтатылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дерлік өскен. 2025 жылдың есепті кезеңінде 35 факті тіркелген болатын, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Ғалымбек Батырбеков.  

Локомотивтерді дер кезінде шұғыл тоқтатқан машинистердің қырағылығының арқасында 35 мәрте соқтығысудың, 16 рет мал басудың алдын алуға мүмкіндік туған. 8 жағдайда адам өмірін сақтап қалған. 11 автокөлікті жарамсыз қалудан, жүргізушілерін қатерден құтқарған. Дегенмен, жол үсті болған соң, келеңсіздіктің бәрінен айналып өте алмайтын жайттар да кездеседі. Мал иелерінің жауапсыздығынан 34 мал басу фактісі тіркелген.  

Рейдке қатысушылар қауіпсіздік талаптарын бұзған тұрғындарға ауызша және жазбаша ескерту беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Екі адамға хаттама толтырылды. Жамбыл жол дистанциясының технигі Махаббат Назарова жаяу жүргіншілерге темір жолды кесіп өтудің талаптары мен ережелері жазылған ескерту парақтарын таратты.  

– Алты айдың ішінде «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп, белгіленбеген орындардан кесіп өтіп, қауіпсіздік ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 700-ден астам профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы талаптарын бұзған 1500-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басты мақсат – теміржол көлігінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, – дейді Тараз станциясындағы көліктегі полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Сералы Кембаев.  

Рейд кезінде ұл-қызын ертіп темір жолды белгіленбеген тұстан кесіп өтіп жатқан ата-аналар да кездесті. Бір жеткіншекке жазбаша, екеуіне ауызша ескерту берілді.  

–Тоқтап тұрған жүк пойызының үстінен секіріп өтемін деп осылар бір келеңсіздікке ұрынса, оған кім жауапты? Тіпті бір ата-ана кішкентай қызын ертіп, вагонның астынан өтіп барады. Сол қыз бала ертең қасында ересек адам болмаған кезде көргенін қайталайтыны анық. Не деген жауапсыздық, – дейді Батырбек Тұрғанбекұлы.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды