Техникалық тексеріс жалғасуда

Қауіпсіздік
24.07.2026, 09:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы жалғасуда. 16-22 шілде аралығына жоспарланған акция аясында сала мамандары теміржол өткелдерін аралап, техникалық жай-күйін тексеріп жатыр.

Бүгінге дейін Маңғыстау жол дистанциясына қарасты 34 теміржол өткелінің жартысынан астамы тексерістен өтті.  

– ЦРБ Давлетовтың №87 А жеделхатын орындау мақсатында Маңғыстау жол дистанциясына қарасты барлық теміржол өткеліндегі құрылғылардың жұмысқа жарамдылығы бойынша бақылау жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандардағы құрылғылардың жұмыс істеу қабілеті тексерілуде. Өткелдердегі қауіпсіздікке сырттан келетін қауіп-қатердің алдын алу бағытында да тиісті шаралар атқарылуда. Шілденің 16-22 аралығында Жаңаөзен қаласы мен Қарақия, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарының аумағында осындай профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жергілікті әкімдіктерге қызметкерлерінің қатысуын және ақпараттық қолдау, тұрғындар мен темір жолға жақын орналасқан мекемелерге түсінік жүргізуі жөнінде хат жолдадық. Жергілікті ішкі істер бөлімдеріне де бірлескен рейд ұйымдастыру туралы хат жолдап, іске кірісіп жатырмыз, – дейді бұл туралы Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаев.  

Оның айтуынша, өткелдердегі тексерістер барысында нысандағы автоматты дабыл құрылғыларының жарамдылығы, дыбыстық дабылдың жұмыс қабілеті, байланыс пен радиобайланыстың барлық түрлерінің жарамдылығы, тосқауыл құрылғылары мен автоматты шлагбаумның жай-күйі, өткелдердің жарықтандырылуы, техникалық құжаттаманың болуы, дұрыс жүргізілуі сынды техникалық талаптардың орындалысы мен жұмыс процесі қадағалануда. Сондай-ақ күзетілетін теміржол өткелдерінің ауысым қызметкерлеріне қоршау құрылғыларын пайдалану мәселелері бойынша техникалық сабақтар өткізіліп, стандартты емес жағдайлардағы іс-қимыл тәртібін түсіндіру жоспарланған. Бүгінге дейін Жаңаөзен қаласы мен Қарақия, Мұнайлы аудандары аумағындағы өткелдерде аталған жұмыстар жүргізілді.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды