Қарапайым ережені сақтайық

Қауіпсіздік
28.07.2026, 08:43

Темір жол – мыңдаған жолаушы мен миллиондаған тонна жүкті тасымалдайтын заманауи логистикалық жүйе. Соған сәйкес бұл аймақ үлкен жауапкершілік пен қатаң тәртіпті талап ететінін есте ұстаған жөн.

Бүгінде темір жол мен өткелдер маңында орын алып жатқан қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, салғырттық пен асығыстықтан туындап отыр. Сондықтан темір жол сақтықты, мұқияттылықты және жауапкершілікті талап ететін жер екенін тағы қайталап айтамыз. Өміріңіз өкінішке айналмасын десеңіз, қарапайым ережені елеусіз қалдырмай, әрбір қадамды ойланып басқан жөн. Өйткені үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз шұғыл тежеу қолданылғанның өзінде тоқтауы 800-ден 1000 метрге дейінгі аралықты құрайды. Демек, машинист рельстегі адамды немесе кедергіні көрген сәтте пойызды бірден тоқтата алмайды. Сонымен қатар қазіргі заманғы заманауи пойыздардың дыбыссыз қозғалатыны сонша, артынан жақындап қалған құрамның қаупін соңғы секундқа дейін сезбей қалу қаупі өте жоғары.  

Алматы магистральдық желі бөлімшесі Ақтоғай станциясының мамандары жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Бүгінгі цифрлық дәуірде жаяу жүргіншілердің, әсіресе жастардың құлаққаппен жүруі, телефонға алаңдауы немесе рельс үстінде селфи жасауға ұмтылуы өмірге төнген тікелей қатер екенін жеткізуге тырысуда. Қауіпсіздік ережелері бойынша темір жолды тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен, көпірлер мен туннельдерден өту қажет. Өткелге жақындағанда құлаққапты шешіп, жан-жаққа мұқият қарап, дыбыстық және жарық сигналдарына мән беру әрбір азамат үшін әдетке айналуы тиіс.  

Сондай-ақ темір жол бойындағы электр желілеріндегі кернеу 27 000 вольтке дейін жететінін ескерсек, вагон үстіне шығу немесе бағаналарға жақындау тікелей тоқ соғу қаупін тудырады. Тоқтап тұрған пойыз вагондарының астынан өтуге әрекеттену де өз өміріңді қатерге тігумен бірдей, себебі құрам кез келген секундта қозғалып кетуі мүмкін.  

Серікбек МУРУМБАЕВ,  

Алматы магистральдық желі бөлімшесі  

Ақтоғай станциясы бастығының орынбасары

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті