Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет

Қауіпсіздік
07.08.2026, 09:19
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей қаласындағы теміржол өткелдерінде жыл басынан бері үш мәрте жол-көлік оқиғасы орын алыпты. Екеуінде жеңіл көлік, ал біреуінде тіпті жолаушылар автобусы маневрлік пойызбен соқтығысқан. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. Десек те, соңғы уақыттарда мұндай жайттардың жиілеуі теміржолшылар қауымын алаңдатып отыр.

Жыл басынан бері Семей локомотив пайдалану депосы қызмет көрсететін телім бойында жалпы саны 71 рет шұғыл тежеу жағдайы орын алыпты. Оның арасында автокөлік жүргізушілерінің бағдаршам белгісіне қарамай теміржол өткелі бойына шығып кетуі сынды жайттар да тіркелген. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында жуырда семейлік локомотившілер желілік полиция өкілдерімен бірге республикалық «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала ішіндегі қозғалыс жиілігі аса жоғары теміржол өткелдері бойында арнайы акция өткізді.  

Жалпы, қазіргі күні семейлік теміржолшылар қауымы желілік тәртіп сақшыларымен бірге профилактикалық іс-шаралар өткізуді жолға қойған. Мәселен, жыл басынан бері теміржолдан өту тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша 1363 хаттама толтырылыпты. Қынжылтары – бір рет айыппұл төлеген азаматтардың екінші рет тәртіп бұзу жайттары да тіркелген екен. Қала ішімен өтетін теміржол арқылы тәулігіне 30-дан 50-ге дейін жылжымалы құрамдар өтеді. Яғни қауіпсіздікке қойылар талап тым қатаң, алаңдауға негіз бар.

– Семей қаласы бойынша ең қауіпті өткелдердің бірі Жансая базары аумағында орын тепкен. Бұл жерде көлік қозғалысы да жиі, жаяу жүргіншілер нөпірі де мол. Адам басу оқиғалары да тіркелді. Жалпы, шаһар ішіндегі кез келген теміржол өткелінің өзіндік қаупі бар. Себебі көптеген өткелдерде шлагбаум жоқ. Қозғалыс барысы тек бағдаршаммен реттеледі. Ал кейбір көлік жүргізушілері оны елей бермейді де өткел үстіне шығып кетеді, – дейді ТЧЭ-24 мекемесінің басшысы Дархан Қажығұлов.  

Бүгінде семейлік тепловоз шаруашылығының мамандары қауіпсіздік шараларын күшейткен. Мәселен, депоға қарасты барлық тепловоздар 360 градустық бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл жүйе теміржол бойында болған барлық тосын оқиғаларды толық тіркеп, олардың себеп-салдарын анықтауға, зерттеп-зерделеп талдау жасауға мүмкіндік береді. Алайда мамандар теміржол бойындағы қаупсіздікті сақтау бірінші кезекте қарапайым ережелерді есте ұстау екендігін айтады. Сол себептен де осынау акция барысында теміржолшылар автокөлік жүргізушілеріне жадынамалар таратып, өткелде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау әр көлік жүргізушісі мен жаяу жүргіншінің міндеті екенін еске салды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз өткел» акциясы еліміздің барлық теміржол желісінде тұрақты түрде ұйымдастырылуда.  

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті