Өз өміріңді тәуекелге тікпе...

Қауіпсіздік
04.09.2026, 09:23

Тамыз айында Алматы-І станциясының мамандары желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп «Қауіпсіз жол» онкүндігін ұйымдастырды.

Темір жол – қателікті де, салғырттықты да кешірмейді. Көпшілігіміз «пойыз әлі алыста ғой, өтіп үлгеремін» деп ойлап, өз өмірімізді тәуекелге тігіп жатамыз. Ал алып құрам алдағы кедергіні байқап оқыс тежеу берсе де бірден тоқтамайтынын естен шығармаған жөн. Пойыз бір километрге дейін инерциямен жылжи береді. Машинист сізді көріп, апаттық тежеуді қосқанның өзінде пойыз бір сәтте тұра қалмайды. Онкүндік аясында станцияға жақын елдімекендерді аралап, тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Мектеп оқушыларымен арнайы кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берілді.  

Мысалы, қозғалмай тұрған вагонның астынан өту неге қауіпсіз деген жасөспірімнің сауалына орай тоқтап тұрған пойыздың астынан бауырлап өту немесе вагондардың арасынан секіріп өту – ажалмен ойнаумен бірдей екені, құрам кез келген секундта сізге ескертусіз орнынан қозғалып кетуі мүмкін екені жан-жақты мысалдармен түсіндірілді.  

Сонымен қатар бүгінгі таңда теміржол бойындағы қайғылы оқиғалардың көбі ғылыми күрделі себептерден емес, күнделікті өзіміз қолданып жүрген смартфон мен құлаққаптың салдарынан да орын алып жататыны ескертілді. Темір жол – балалардың ойын алаңы да, суретке түсетін фотодекорация да емес. Вагондардың үстіне шығу, жоғары кернеулі ток сымдарына жақындау немесе рельс бойымен серуендеу орны толмас өкінішке әкеледі.  

Ерлан ҚУАНДЫҚОВ,  

Алматы магистральдық желі бөлімшесі  

Алматы-1 станциясының бас инженері

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті