Жамбыл ЖТ бөлімшесі күзгі комиссия анықтаған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюы тиіс

Аймақтар
19.10.2021, 10:35
Асхат Райқұл

Күзгі байқау мәресіне жетіп, комиссия өз жұмысын аяқтады. Маңызды шараның қорытындысын жариялаған жиында бөлімшеге қарасты құрылымдардың қысқы маусымда жұмыс істеуге әзірлігі белгілі болды. Сонымен қатар, бірқатар кемшіліктің де беті ашылды. Нақты айтқанда, ғимараттарды, Ақтөбе құрылыстарды, техникалық құрылғыларды күтіп ұстау мен пайдалануда, желілік деңгейдегі басшылардың жеке қатысу нормативтерін орындауда, сондай-ақ өндірістік үдерістер технологиясын пайдалануда бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілген. Бөлімшенің бас инженері Александр Ким комиссия өз жұмысын мұқият атқарғанын жеткізді. Айтуынша, тексеру Қаражыңғыл, Қайраткөл, Кулакшино, Түрксіб, Құмшағал станцияларының, Жамбыл вагон пайдалану депосының (ВЧД-27), Шу локомотив пайдалану депосының (ТЧЭ-30), Жамбыл локомотив пайдалану депосының (ТЧЭ-31) басшылығы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жеке қатысу нормативін жүргізудің сапалы орындалмайтындығын көрсеткен.

«Аталған мекемелердің қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда білімдерінің төмендігін байқатты. Олар өздеріне қарасты станциялар мен кәсіпорындарды күзгі тексеруге толыққанды дайындауды ұйымдастыра алмады», – деді бас инженер.

А.Ким сонымен қатар биылғы күзгі комиссиялық тексеруді өткізуге жоғары дайындықпен келген Бурыл, Тараз, Шақпақ, Жаңатас, Үшбұлақ, Қордай, Бірлік-1, Мыңарал, Жастар станция- ларының ұжымдарын атап өтті. Аймақтағы қауіпсіздік жөніндегі ревизордың орынбасары Медет Жұмырбаевтың баяндамасынан қозғалыс шаруашылығы мен жүк тасымалы жұмысында 147 бұзушылық анықталғаны белгілі болды. Сондай-ақ 14 тыйым салу шаралары қабылданған. Бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруда станция басшыларының жұмысына басшылық пен жауапты бөлімдердің тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді.

«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексерулер тиімді жүргізілмейді. Мәселен, Қайраткөл станциясының жұмысына ай сайын талдау жасалмайтынына көз жеткіздік. Сол сияқты, Хантау станциясынан тамыз және қыркүйек айларындағы қауіпсіздік шараларының актісі ұсынылмаған. Бөлімше тарапынан станцияларға техникалық ревизиялар сапасыз жасалады. Айталық, маусым айында Бел, Кулакшино станцияларына тексеріс шараларының нәтижесінде болмашы сипаттағы бір ғана ескерту анықталған. Бөлімшенің бас инженері мен өндірістік-техникалық бөлімнің мамандары да актілердің сәйкестігіне назар аудармайды», – деп атап өтті ол.

М.Жұмырбаев Тараз станциясында постты оңтайландырып, пойыз қабылдаушысы лауазымын қысқартуына байланысты технологиялық процесс қайта қаралмағанын да мәлімдеді. Шу, Тараз, Түрксіб станцияларында сұрыптау жүйесінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықта сұрыптау дөңесінен құрамдарды таратуға қатысатын маневрлік локомотивтер жұмысына назар аударылмаған. Сонымен қатар ауа-райы бұзыла қалған жағдайдағы жұмыс барысын ұйымдастыру тәртібі пысықталмаған.

«Шоқпар станциясында вагондарды 3-ші қабылдау-жөнелту жолының жеке учаскесінде тежегіш табандықтарымен бекіту нормасының есебі дұрыс емес. Яғни, 400 метр қашықтықта жол еңісінің нақты тіктігі 2,7-ден 7,2 мыңға дейін болуына байланысты қайта қарау қажет. Жалпы, станция басшылары қозғалыс цехының қызметкерлерін техникалық оқытуға көңіл бөлмейді. Соның нәтижесінде мамандар күрделі ахуалда қалай шешім қабылдауды білмейді. Мысалы, Шешенқара станциясында теміржолшылардың пойызды жедел тоқтату себептерін айта алмағанына куә болдық. Олар стандартты емес жағдайда операцияны орындау ретін түсіндіріп бере алмады», – деген ревизордың орынбасары басқа да кемшіліктер мен олқылықтарды жіпке тізгендей баяндап берді.

Оның айтуынша, станция басшылары тасымалдау шаруашылығы, жүк жұмысы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі айлықтарын тиісті деңгейде ұйымдастырмайды. Мәселен, Бурылбайтал станциясында биылғы 2 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өткен «Станциядағы маневрлік жұмыс» айлығының тексеру актілері жоқ. Тәтті станциясы 22 қыркүйек пен 22 қазан аралығында жарияланған «Маневрлік жұмыс және вагондарды бекіту» айлығын қайта өткізу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарын ұсына алмапты. Құмшағал станциясы мамандары 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткен «Ашық жылжымалы құрамда жүктерді тиеу» айлығының талаптарына сәйкес вагондарға жүктерді тиеудің дұрыстығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Осыған ұқсас олқылықтар Тараз станциясында да кездеседі. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Үмітбек Рысбеков қозғалыс шаруашылығы мен жүк тасымалына қатысты анықталған кем-кетікті жедел жоюға тапсырма берді. Оларды орындау жауапты бөлімдерге жүктелді.

Аймақтар
18.06.2026
Тараздық түлектер теміржол саласындағы бос жұмыс орындарымен танысты
Аймақтар
18.06.2026
Жақсының аты өлмейді
Аймақтар
18.06.2026
Теміржолдағы 40 жылдық еңбек
Әлемде
18.06.2026
Қытайдың CRRC компаниясы Түрікменстанға алғашқы үш секциялы жүк тепловоздарын жеткізді
Инфрақұрылым
18.06.2026
Ақсу – Жаңа-Семей теміржол учаскесінің инфрақұрылымын жаңғырту жүзеге асырылды
Әлеумет
17.06.2026
Теміржолшылардың 10 мыңнан астам баласы лагерьде демалады
Инфрақұрылым
17.06.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол инфрақұрылымы учаскесін жаңғырту жүзеге асырылды
Әлемде
17.06.2026
Stadler төрт осьті жүк электровозын таныстырды
Жаңалықтар
17.06.2026
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуге келісті
Аймақтар
16.06.2026
Қарағанөзек станциясында теміржолдан өту ережесін бұзған 20-ға жуық адам анықталды
Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл