Дегелең – Жаңа-Семей телімі бойындағы 10 шақырымдық аумаққа қоршау салынды

Аймақтар
26.10.2021, 11:49
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлық жол дистанцияларында қысқа даярлық шаралары толық аяқталды. Соның ішінде қос бағытта қызмет көрсететін ПЧ-39 мекемесінің жолшылары ауқымды іс бітірді. Білікті басшы Рахат Ботаспаевтың басшылығымен жергілікті жолшылар қауымы жыл ішіндегі жоспар аясында Дегелең-Жаңа-Семей телімі бойындағы 10 шақырымдық аумақтың мал қоршауын шаруашылық тәсілмен салып шықты. Атап айтсақ, Көл-Талды, Жалпақ-Талды станцияларының аралығындағы желі бойында жаңадан қоршау салынды. Жалпы, осы аумақ бойынша желінің қос қапталындағы мал қоршауы 64 шақырым болатын. Бұл аздық етуде. Себебі, телім бойында жылдамдығы аса жоғары Алматы-Павлодар, Өскемен-Нұр-Сұлтан, Семей-Нұр-Сұлтан сынды жолаушылар пойыздары қатынайды. Бұдан өзге Қаражыра көмір кенішінен тәулігіне ең кемі 4 жүк пойызы жолға шығады. Ал, желінің қос қапталында негізінен шағын малды ауылдар, шаруа қожалықтары мен қыстақтар орын тепкен. Сондықтан басшылықтың ұйғарымымен мал қоршауын жыл сайын ұлғайту көзделген болатын.

– Жаңадан он шақырым қоршаудан бөлек, бұрынғы 64 шақырымдық мал қоршауларының жекелеген аумақтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кейбір тұстарын қайтадан жаңарттық. Енді төрт түліктің жолға шығып кету фактілерінің алдын алу бойынша ескерту, түсіндіру жұмыстарына күш салатын боламыз, – дейді ПЧ-39 бас инженері Мырзабек Керейбаев.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті