Күзгі комиссия Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша 1625 кемшілікті анықтады

Аймақтар
05.11.2021, 11:02
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі күзгі байқауда жол, СОБ және байланыс құрылғылары, электрмен жабдықтау шаруашылықтарын тексеру барысында 1625 кемшілікті анықтады. Оның ішінде ең көп ескертуді жол шаруашылығы алған. Белгі беру және байланыс шаруашылығы мен электрмен жабдықтау және вокзал шаруашылығы бойынша да көптеген кемшіліктер анықталып, жойылды. Жалпы күзгі байқауда өндірістік ғимараттарды ұстау, еңбекті қорғау, электр және өрт қауіпсіздігі, экология мәселелерін анықтау өте маңызды болды. Комиссия барлық станцияларда бағыттамалардағы ақауларды анықтады. Мәселен, 31 бағыттамалы бұрма жабылып, 32 бағыттамалы бұрмадағы жылдамдық шектелді. Өткелдердегі жарамсыз шпалдар, бағыттамалы бұрмалардағы типтік емес болттар, рельстер мен өзекшеде және жақтауда балқымалардың болмауы, крестовиналар және басқа да ақаулар жойылып, қалпына келтірілді. Станция бойынша рельстік тізбектерге қызмет көрсету, электр жетектерін, жол қораптарын, жалғастырушы муфталарды тазалау жұмыстары тексеріліп, қанағаттанарлық деген баға берді. Қызылсай станциясы бойынша Н-1 сигналының ақауы, түйіспелі жалғағыштардың болмауы тез арада жойылды. Сондай-ақ, комиссия СОБ және байланыстың жекелеген желілік қызметкерлерінің құрылғыларға қызмет көрсету бойынша технологиялық процестердің талаптарын толық көлемде білмейтіндігін анықтады. Арыс белгі беру және байланыс дистанциясында көбіне технологиялық процесс бұзылатыны, яғни жұмысшылардың міндетін бақылау әлсірегені байқалды. Салдарынан СОБ, КТСМ, байланыс және радиобайланыс құрылғыларына қызмет көрсетуде қызметкерлермен техникалық сабақтар бақыланбаған. СОБ аспаптарына уақтылы техникалық қызмет көрсетуге бақылау белгіленбеген. Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша 262 ескерту анықталды. Жылға, Монтайтас, Арыс-1, Арыс-2, Бадам, Шымкент, Манкент, Түлкібас станциялары бойынша ескертулер көп. Күзгі комиссия анықтаған кем-кетік бүгінде жойылып жатыр. Жол дистанциясы басшыларына жол сапасын көтеру, станциялар мен өткелдердегі түйіспесіз жолдарды күтіп-ұстауды қолға алу, жарамсыз шпалдарды ауыстыру тапсырылды. Ал белгі беру және байланыс дистанциясына құрылғыларға және станция бойынша рельстік тізбектерге сапалы қызмет көрсету тапсырылды. Ал электрмен жабдықтау дистанциясына ластанған секциялық оқшаулағыштарды тазалау тапсырылды.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?