Арыс локомотив пайдалану депосының үздік қызметкерлері түрлі марапатқа ие болды

Аймақтар
12.11.2021, 10:49
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Құрамында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункті, құммен жабдықтау қоймасы мен Шымкент айналым депосы бар Арыс локомотив пайдалану депосының ғасырдан астам тарихы бар. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бой- ынша жүк және жолаушылар құрамын тасымалдау міндетін үздіксіз қамтамасыз етіп келе жатқанына да сонша жыл. Қызмет көрсету ауқымы да кең: Арыс-Тараз-Арыс және Арыс-Сарыағаш-Арыс бағытында жүк тасымалдау қызметтерін атқарады. Локомотив пайдалану паркі 97,5 бірліктен тұрады, оның ішінде жүк тасымалдау қозғалысында ВЛ80с маркалы электровоздар 55,5 бірліктен және KZ8A маркалы отандық электровоздар 6 бірлікті құрайды. Осы жылдың он айлық көрсеткіші бойынша атқарылған жұмыс есебі жоспардан жүз пайызға асыра орындалып отыр. Сонымен қатар, депоның ТО-2 циклды локомотивтерге техникалық қызмет көрсеті пункті пойыздар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ауқымды үлес қосып келеді. Жыл басынан бері ВЛ80с маркалы электровозы мен ВЛ40с маркалы электровозы, ВЛ60Пк маркалы электровозы, ТЭМ-2 маркалы тепловозына, барлығы 7309,5 бірлік локомотивке тиісті техникалық қызметтер көрсетілген. Биыл Арыс локомотив пайдалану депосының пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды арттыруға үлес қосып жүрген бір топ озаттары түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Берік Арысбаев, «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен Темірхан Салимбаев, Компания басшылығының Құрмет грамотасымен Саттар Дауылбаев және Қонысбек Қуатбеков, Компания басшылығының Алғыс хатымен Қуатбек Жандарбекұлы, Уали Ақатайұлы және Базарбай Мұстафаұлы марапатталды.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?