Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аймағында «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 8-14 қараша аралығында жүргізілетін «Hi-tech» жедел-профилактикалық шарасы аясында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және ашу бойынша мақсатты жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
– «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, порнографиялық және өзге де тыйым салынған өнімдерді дайындайтын және тарататын тұлғаларды анықтау, олардың қылмыстық әрекетін құжаттандыруға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарына басымдық беріп отырмыз, – дейді Сай-Өтес станциясындағы ЖПб басшысы Нұрлыбек Рахметов.
Аталған іс-шара барысында полиция инспекторлары станциядағы теміржол мекемелерінің қызметкерлерімен кездесіп, «Hi-tech» мақсатын түсіндірген. Арнайы бейнероликтер көрсеткен.
«Кибер қылмыстардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан бұл шараның маңызы өте зор. Ол кез келген салаға кибершабуылдан сақтануға септік етпек» дейді инспекторлар.