Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде «Тәуелсіздік – тірегім» атты дөңгелек үстел өтті

Аймақтар
15.11.2021, 09:48
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы қаһарман болуы тиіс. Оның құнын бағалау – бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Осындай зор рухты күш беретін тәуелсіздіктің құнын насихаттаған шара Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде өтті. «Тәуелсіздік – тірегім» атты дөңгелек үстелге желідегі тәртіп сақшылары мен станция қызметкерлерінен бөлек Ақтөбе қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының мамандары, ардагерлер арнайы шақырылды. Көліктегі полицейлер арасында тәуелсіздіктің құрдастары да баршылық. Бөлімше тергеушілері Гүлбақыт Әлимаханова, Тимур Аймұханов, полиция майоры Абылайхан Өтеуов, полиция аға лейтенанты Мырзахан Кажниязов, жедел криминалистикалық тобының криминалисі Іңкәр Кенекбаева және патрульдік полиция тобының полицейі, аға сержант Жантай Алмағанбетовтер тәуелсіздік таңы атқан жылы өмірге келгендерін мақтаныш етеді. Олар аға буынның еңбек жолын абыроймен жалғастырып келеді. – Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Оны жастардың бағалай білуіне ықпал етуіміз қажет. Кез келген ұлттың қолы жете бермейтін тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау – әрбіріміздің қасиетті борышымыз, – деп сөз сөйлеген Ақтөбе станциясы ЖПб бастығы, полиция подполковнигі Айбек Бекжанов жастарды елін-жерін сүйіп, отаншылдық рухты арттыруға шақырды. Шара ұлт тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың еңбегін насихаттауға ұласты. Батыс аймақтық көліктегі полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Садықов Президенттің "Тәуелсіздік бәрінен де қымбат" мақаласын тілге тиек етіп:

"Тәуелсіздік – қазақ халқының, Қазақстан халқының басына біткен бақ. Бұл – еш уақытта маңызы жоғалмайтын, ғасырлардан ғасырларға ұласатын үлкен құндылық. Әрбір Қазақстан азаматы соның қадір-қасиетін білуі керек. Қазақ халқының ұзақ тарихи кеңістікте өмір сүруі, этнос ретінде, ұлт ретінде сақталуы тәуелсіздікке тікелей байланысты және ол – ұлтымыздың келешегін қамтамасыз ететін құбылыс", – деді.
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды