Атырауда пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүрлейтін жағдайлар азаймай тұр

Аймақтар
17.11.2021, 09:39
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде биыл қозғалыс қауіпсіздігінің өрескел бұзылу оқиғасы тілкелмеген. Өткен 10 айда өндірістік жарақат алу жағдайы да болмаған. Бұл, әрине, ең алдымен қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету бағытында жүргізілген кешенді жоспарлы іс-шаралар нәтижесі екені анық. Сонымен қатар, басшылар тарапынан кенеттен тексеру жүргізу, станцияларда жұмысшылармен технологиялық процесті, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды қадағалауы да оң әсер еткен. Алайда, бөлімше аумағында тепловоздардың шұғыл тежеу беруі кемімеген, керісінше артып кеткен. Өйткені темір жол бойында иесіз жүрген мал көп. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 10 айда 60 мал басу оқиғасы тіркелген. Темір жолдағы желілік полиция дерегінше, мал әсерінен локомотивті шұғыл тежеудің екі жүзден астам оқиғасы тіркеліп, пойызға басылған мал саны 122-ге жеткен. Оның ішінде 48 сиыр, 56 жылқы, 17 түйе бар. «Жол бойына малдың шығып кетуі теміржолға үлкен кедергі келтіруде. Машинистер еріккеннен тоқтай ма, шұғыл тежеу – шарасыздың ісі, жолға шыққан адамды немесе малды баспаудың амалын қарастырып, лажсыз оқыс тежеу береді. Шұғыл тежеудің өз зияны бар – тепловоз тұрып қалады, бүлінеді, уақыт кетеді, вагон аударылу, жолаушылар жарақат алу қаупі бар. Сондықтан, халық малға ие болуы керек дегенді түсіндіре алмай-ақ қойдық» деп шарасыз бас шайқайды бөлімшенің бас инженері Б.Картан.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?