Қызылордалық байырғы теміржолшы кейінгі толқын өкілдерімен кездесті

Аймақтар
23.11.2021, 14:03
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосының мұражайында байырғы машинист, депоның бас инженері, бөлімше басшысының локомотив пайдалану жөніндегі орынбасары болып өнегелі еңбек еткен Ораз Өмірзақұлымен кездесу болып өтті. «Нұр Отан» париясынынң жергілікті «Теміржол» филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаеваның партияның кешенді шаралар акциясы негізінде ұйымдастыруымен өткен кездесуде тарлан теміржолшының өткен өмірі үлгі етіліп, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұшырасқан қиыншылықтар мен кедергілер, оларды жеңу жолында аға ұрпақтың ерлікке пара-пар іс әрекеті сөз болды. Әнуар Төлегенұлы мен Аманжол Әлімбаевтардың шәкірті болған Ораз Өмірзақұлы өз шәкірттерімен де мақтана алады. Мәселен Қалтай Әбдіразақов, Болат Ибадуллаев, Генадий Шиповских Орекеңнің шәкірттері. Арыс пен Қазалыда машинистер даярлайтын курстан машинист көмекшісі кәсібін игеріп өндіріске араласқан Ораз Өмірзақұлы салада сатылай өсіп, депо басшысының орынбасары, бөлімше басшысының локомотив пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне дейін еңбек жолынан өткен. Тәжірибелі теміржолшымен кездесу мазмұнды да әсерлі болды.

«Локомотившілер өз заманының бесаспап маманы болған ардагер Оразбек Өмірзақовпен кездесуінде бесаспап теміржолшының аймақ теміржолын дамытуға қосқан үлесі жастарға үлгі етілді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жағдай мен атқарылған жұмыстарға шолу жасалды. Ардагердің әңгімесінің өзегі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңде отандық теміржолдың қалай жұмыс жасағаны, қазақстандық локомотив деполарында жүзеге асқан үнем, қауіпсіздікті сақтау, т.т. мәселелер сөз болды. Ол кейінгі жастар үшін тәрбиелік мәні бар сабақ дер едім», – дейді «Теміржол» филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаева.

1991 жылдары орын алған дағдарыс кезінде Қызылорда локомотив депосында бастау алған реформалардың бірі – тепловоздарды модернизациялау болып табылады. Нәтижесінде мыңнан астам теміржолшының жұмыс орны сақталып, өндіріс тоқтаусыз жұмыс істеді.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тепловоздарға қажетті қосалқы бөлшектердің тапшылығы сезіле бастады. Тығырықтан шығу үшін депо жанынан қосалқы бөлшек дайындайтын капрон цехы, пластмасса цехы, жөндеу цехтарын ашып тепловозды жөндеуге қажетті бөшектерді өзіміз шығарып, дайындау жұмыстарын бастады. Майталман теміржолшы Лепес Жаниязовтың ұйымдастыруымен талай жұмыс жүзеге асырылды. Тепловоз қозғалтқышына керекті бөлшектер, резеңке цехында резеңке төсемелері құйылды. Дизелдің су тұратын адапторлық шарбылары қолдан құйылды, капрон цехында жанар-жағар май бактары мен қосымша бөлшектері әзірленді. Жалпы депода тепловозға қажетті заттың қолдан келгенін дайындауға күш салынып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның арқасында дағдарыстан қиналмай шығып, теміржолдағы қозғалысты тоқтатқан жоқпыз. Бұл жұмыстар бертінге дейін, теміржол саласына жаңа, заманауи технологиялар, «Эволюшн» тепловоздары қолданысқа енгізілгенге дейін жүргізілді. Бүгінде міне, ескіні жамап-жасқаудың күні өтті, өндіріске су жаңа тепловоздар келіп, қуаттылықты арттырды, – деп естелік айтты Ораз Өмірзақұлы.
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?