Арыстық қырағы вагон қараушы қауіптің бетін қайтарды

Аймақтар
23.11.2021, 14:42
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық теміржолшының міндеті. Дегенмен, жылжымалы құрамнан ақаулы вагонды табу – вагон қараушының басты жұмысы. Демек, теміржолда апаттың болмауына вагон қараушылардың жауапкершілігі екі есе деген сөз. Егер олар өз жұмысында қырағылық танытпаса, жауапкершілікпен қарамаса, талай ақаулы вагондар қос рельс бойымен зуылдап жүріп, бір күні морт сынып немесе жарылып үлкен апаттың орын алуы әбден ықтимал. Жуырда арыстық вагон қараушы осындай бір қауіптің алдын алды. Арыс вагон пайдалану депосына қарасты Түркістан техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Әріпжан Байметов 29 қазан күні №3422 жүк пойы- зының №70714654 вагонынан ақау тауып, қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қатерді жойды. Ол әдеттегідей вагон дөңгелектерін бақылау балғасымен ұрып көріп келе жатып, бір вагоннан дыбыстың өзгеше шыққанын аңғарып қалды. Әбден мұқият тексере келе, бір кілтипанның барына көз жеткізеді. Ақау туралы ақпаратты вагон қараушы дереу аға вагон қараушыға, одан ол Арыс вагон пайдалану депосы бастығының орынбасары Данабек Сүлейменовке шұғыл жетеді. Қауіп расталып, ақаулы вагон ағытылып, жөндеу цехына жөнелтіледі. Қырағы вагон қараушы Әріпжан Байметовтің еңбек өтіліне биыл 30 жыл толады екен. Қазақстан тәуелсіздік алған жылы теміржол саласына келген ол, жұмысын слесарь болудан бастаған. Бұған дейін де бірнеше ақауларды анықтап, қауіптің алдын алған қырағы вагон қараушыны сыйақыға ұсыну қарастырылуда. Айта кетейік, вагон шаруашылығы бойынша 18 қазан мен 18 қараша аралығында «Назар аударыңыз, автотіркегіш құрылғы!» атты айлық өткен болатын.
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?