Қызылорда қалпына келтіру пойызына 85 жыл

Аймақтар
23.11.2021, 14:46
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қалпына келтіру пойызының ұжымы 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Әріптестерін айтулы датамен құттықтаған теміржолшылар «теміржолдың жедел жәрдемі» аталған қалпына келтіру пойызының ұжымына сала игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі мен «Теміржол» партия филиалы төрағасының атынан ұжым озаттарына марапат табыс етіліп, ерен еңбектеріне алғыс айтылды. Мекеме бастығы Берік Әбжаппаров барша ізгі тілектер мен құттықтауларға ұжым атынан алғысын білдіріп, аймақ теміржолында пойыздардың қауіпсіздігін сақтау жолында қызмет атқаруға қашан да дайын екендерін жеткізді.

– Қызылорда қалпына келтіру пойызында отыз жылға жуық еңбек еттім. Ол кезде бүгінгідей техника көп емес, ескі-құсқының күтімін жасап, қайта-қайта жөндеп қолданатынбыз. Қайрат Баданов, Ғани Алтынбек, Андрей Кошмандар жақсы біледі, біз сол сатыдан өттік. Ал, қазір барлық техника жаңарған, бәрі автоматтандырылған, бір ғана «ХЕШ» техникасы көтеру, түсіру, орнынан жылжыту секілді бірнеше жұмысты бір мезетте атқаратын әмбебап құрылғылармен жабдықталған, бүгінгі әріптестеріміз үшін біз қуаныштымыз, мерейтой құтты болсын! – деді зейнеткерлер атынан сөз алған Марат Оспанов.
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?