Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде сыбайлас жемқорлық мәселесіне арналған отырыс өтті

Аймақтар
24.11.2021, 09:05
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, сыбайлас жемқорлық пен терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары пысықталды. Басқосуды ашқан бөлімше директоры Үмітбек Рысбеков теміржол мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету және оған қарсы тиімді саясатты іске асыру мақсатында құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алудың профилактикалық іс-шаралары тұрақты жүргізіліп тұратынын айтты.
«Бөлімшеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты жұмыс істейтін штаб құрылған. Жедел штабтың негізгі міндеттеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және аталған бағыттағы құқық бұзушылықтардың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу кіреді», – деген Үмітбек Есмұратұлы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен теміржол көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасалғанын еске салды.
Осы құжаттың аясында «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылған. Бұл орталық компанияның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, орталық аппарат пен оған еншілес ұйымдардың азаматтарына көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға жәрдемдеседі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуіне, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жүйелі шараларды енгізу бойынша ұсыныстарды іске асыруға күш салады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жұмыстарына да белсенді атсалысатын көрінеді. Үмітбек Рысбеков қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ауыстыру кезінде құқық бұзушылық фактілерін болдырмау үшін бос лауазымдарға конкурстық іріктеу рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Персоналды жалдау, бағалау, жоғарылату және жұмыстан босату кезінде «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерді болдырмау үшін қолданылатын шараларды жеткізді. Жалпы, қоғамның дерті саналатын бұл мәселеге қатысты тұрақты мониторинг жүргізіледі. Селекторлық кеңестерде станция басшыларына Заңға және компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерін орындау үшін жауапкершілікті күн сайын күшейту қажеттігі ескертіледі, жемқорлық пен терроризм – індет, онымен жұмыла күрессек қана жеңеміз», – деді Үмітбек Есмұратұлы. Басқосуда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі Батырбек Атамқұлов, Жамбыл көлік прокуратурасының прокуроры Азамат Кемеңгеров және басқа да сала мамандары сөз сөйледі. Олар тақырыпқа байланысты өз салаларындағы соңғы өзгерістерді, ұсыныс-пікірлерін, ойларын жеткізді. Ортақ проблемаларды талқылап, бұдан былай да бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?