Шымкент темір жолында он айда 46 жол-көлік оқиғасы болған

Аймақтар
29.11.2021, 09:30
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Соңғы уақытта теміржол қозғалысына басты кедергі жолға шығып кететін мал мен жан болып отыр. Бұл теміржолшылардың үлкен алаңдаушылығын туғызуда. Мәселен, Шымкент темір жолында биылғы жылдың он айында барлығы 46 оқиға, оның ішінде 13 адам және 33 мал басу оқиғасы тіркелген. Әрине, мұның бәрі – адам факторынан туындайтын кедергілер. Теміржолға жақын тұратын тұрғындардың жеке басының қа- уіпсіздігін сақтамауы, төрт түлік малына ие болмауы кесірінен туындап отырғаны белгілі. Тұрғындар теміржол маңына мал жаю ережелерін ескеріп, ұстана бермейді. Теміржолға жақын мал жаюдың арнайы ережесімен таныстырып, халықпен профилактикалық жұмыстардың үнемі жүргізіліп жатқанына қарамастан, төрт түліктің пойыздың астына түсу оқиғасы азаймай тұр. Ал жергілікті билік, аудандық әкімдіктердің жергілікті халықпен жұмыс істеуі мүлдем қанағаттанғысыз. Мәселен, тек осы жылдың 22 қазанынан 7 қарашаға дейінгі кезеңде, небәрі 15 күнде Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша пойыздардың малға соғылған 9 жағдайы тіркелді және олардың бәрі Арыс-Шымкент-Түлкібас телімінде орын алған. Төтенше жағдайдан локомотивтер зақымданып, қыруар материалдық зиян келді. Мамандар соңғы уақытта Арыс-Қалаш, Бадам-Қалаш, Игілік-Қорғасын, Манкент-Қы- зылсай, Көктерек-Түлкібас, Дарбаза-Сарыағаш, Жылға-Дарбаза, Монтайтас-Шағыр аралықта- рында мал басу оқиғалары жиілегенін айтады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қадағалаусыз малдың пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін үнемі еске салумен келеді. Компания басшылығы азаматтардан темір жол көлігі объектілерінде жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақ теміржол аумағы арқылы өтетін елді мекендердің барлық тұрғында- рына және фермерлік шаруашылықтардың басшыларына, жеке кәсіпкерлерге мал жаю ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?