Арыс-Түркістан және Арыс-Түлкібас телімдеріндегі жөндеу жұмыстары пойыз кестесіне әсер етті

Аймақтар
03.12.2021, 10:41
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесі жыл басынан бері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалданатын жүктердің сақталуы, қауіпсіздік техникасын және еңбек қорғау шарттары мен тәртібін сақтау бойынша оң нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, эксплуатациялық көрсеткіштерге тоқталсақ, жергілікті вагон мен транзиттік вагон, жүк айналымы, пойыздың орташа салмағы жүз пайызды құраған. Ал кейбір көрсеткіштердің межеге жетпей қалуының да өзіндік себеп-салдары жоқ емес. Мамандар оны ең алдымен Өзбекстан темір жолының Сарыағаш түйіспесінен, сонымен қатар Алтынкөл, Достық халықаралық түйіспелерінен пойыздардың уақытылы жөнелтілмеуі салдарынан 3974 пойыздың 24 мыңнан астам сағатқа тұрып қалуынан деп түсіндіреді. «Тастанды» пойыздар дың шекара маңына жинақталып қалуында қазақстандық тараптың кінәсі жоқ, бұл мәселе үкіметтік деңгейде шешіліп жатқаны да белгілі. Бұдан бөлек, бөлімше бойынша жолдарға берілген ескертулер де көбейіп кеткен, яғни орта тәулікте жоспар бойынша 27 ескерту болу керек болса, іс жүзінде 43 ескерту болған. Пойыздардың қозғалыс кестесінің сақталуына да кемшілік жоқ емес, он айда жолаушылар пойыздарының кідірісі өткен жылмен салыстырғанда артып кеткен. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлімі мамандары мұның себебін Арыс-Түркістан және Арыс-Түл- кібас телімдерінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты деп түсіндірді. Техникалық бөлімнің бастығы Талғат Якупов өткен он айда жүк пойыздарының жүрісі жоспарға сай орындалып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер жақсара түскенін жеткізді.

«Пойыздар қозғалысының варианттық кестеге сай жүруі бойынша 70 пайыздық меже тапсырмасы толығымен орындалды», – деді ол.

Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда табыс 3 млрд 50 млн 442 мың теңгеге өскені де жаман көрсеткіш емес.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?