Маңғыстау теміржол вокзалы аумағында 23-25 қараша аралығында «Жасөспiрiм» жедел-профилактикалық iс-шарасы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Шараның негiзгi мақсаты – жасөспiрiмдер арасында қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольдiк iшiмдiктердi, темекi өнiмдерiн сату фактілерін, олардың түнгi уақытта жалғыз-жарым жүруін анықтау болды. Оның аясында өткен түнгі рейд кезінде бірнеше құқық бұзушылықтар анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды.

– «Жасөспірім» жедел жұмыстары барысында олардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасауға бейімдейтін тұлғаларды анықтау ба- рысында да қажетті жұмыстар атқарылды. Ұрпағымыз саналы және өнегелi азамат болып өсуі үшін оларды түрлі зиянды нәрселерден сақтандыруға ата-аналар мен қоғам болып атсалысуымыз қажет, қай кезде де қылмыстың алдын алу маңызды болып табылады, – дейді бұл жөнінде ақпарат берген Маңғыстау станциясы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Нұр Қуанов.