ӘТЖК 100 жылдығына орай Ақмола филиалының озаттары марапатталды

Аймақтар
07.12.2021, 10:43
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сала қауіпсіздігін бір ғасыр бойы қамтамасыз етіп келе жатқан Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметіне биыл – бір ғасыр. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елордада өткен «ӘТЖК» ЖШС-нің жүз жылдық мерейтойына арналған шарада саланың бүгінгі және кешегі буыны бас қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Тарихқа көз салсақ, сонау 1921 жылы 9 желтоқсанда Бүкілресейлік Орталық атқарушы комитет Қаулысымен жол қатынастарының ведомстволық күзет қызметінің негізі қаланған екен. Станциялар мен теміржол парктеріндегі, қоймалардағы және жолда келе жатқан пойыздардағы жүктердің қауіпсіздігі мен сақталуы, темір жол көлігінің инженерлік құрылымдарының күзеті жаңа саланың міндеті болып белгіленеді. Міне, содан бері жүз жыл сол міндетті абыроймен атқарып келе жатқан күзет қызметін талай тар жол, тайғақ кешуді бастан кешіп, теміржол көлігімен қоса дамып келеді.

– Әскерилендірілген темір жол күзетінің қалыптасып, дамуына атсалысқан алдыңғы аға буынның ерлік істері бүгінгі ұрпаққа жеткен. Тіпті бұл салада әскери күзетшілер қызметі ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, бірнеше буын алмасқан әулеттері де қалыптасты. Теміржолдың қырағы күзетінде адал еңбекпен абыройлы қызмет етіп, өз міндеттерін мінсіз атқарып жүрген олардың бірқатары бүгін арнайы марапаттарға ие болады. Бүгінгі таңда біздің филиалда «Үздік күзетші» белгісін иеленген 48 күзетші жұмыс істейді. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш пен абырой, – деді мерекелік жиында сөз алған «ӘТЖК» ЖШС Ақмола филиалының директоры Жанболат Күнкенов.

Салтанатты шарада саланың жүз жылдық тарихынан сыр шертетін арнайы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Күзет қызметінің қырағы сарбаздары «Алғыс хатпен», Құрмет грамотасымен, «Үздік күзетші» белгісімен және «ӘТЖК-100 жыл» арнайы төсбелгісімен марапатталып, ардагерлер естелік айтты. Олардың қатарында өмірінің 43 жылын осы салаға арнаған ардагер Нұрлан Ыбыраев, Құрметті теміржолшы, кәсіподақ қызметін жандандырып жүрген зейнеткер Надежда Горбылева, атқыштар командасының ардагері Шаймерден Бекбатыров күзет қызметінің даму кезеңдері туралы тамаша естеліктерімен бөлісті. Темір жол көлігінде құқық бұзушылықтың алдын алуға және ішкі істер органдарымен белсенді іс-қимыл жасауға қосқан үлесі үшін ҚР ІІМ Алғыс хатымен «ӘТЖК» ЖШС Ақмола филиалы директорының орынбасары, әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру бөлімінің бастығы Андрей Меринян, Көкшетау станциясындағы атқыштар командасының бастығы Ерлан Әлмұхамбетов, күзет қызметіндегі табысты еңбегі үшін Күзет ұйымдары қауымдастығының грамотасымен Ербол Бекхожин марапатталды. Бұдан басқа 50-ден аса қызметкер серіктестік қызметін сапалы ету, міндеттерді жүзеге асыру жолында атқарған ерен еңбектері үшін Алғыс хаттарға ие болып, «ӘТЖК-100 жыл» төсбелгісін тақты. Ал «Үздік күзетші» белгісі Нұр-Сұлтан станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Мұрат Омаровқа, Қырқыншы станциясындағы атқыштар тобының күзетшісі Қайырбек Диханбаевқа берілді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті