Биыл Қарағандыдағы машинистер 158 рет пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған

Аймақтар
28.12.2021, 10:26
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарағанды өңірі тасымалдау процесінде маңызды рөлге ие әрі шикізаттың ірі экспорттаушысы болып табылады. Бұл аймақтан көмір, мыс, темір кені, металл илемі сынды жүктер тиеледі. Сондықтан қарағандылық теміржолшылар үшін аймақта пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – күн тәртібіндегі негізгі мәселе. Соңғы бес жылда Қарағанды теміржолын техникалық қайта жарақтандыру бағытында, яғни электрлендіру, автоматика, телемеха- ника, кешенді механикаландыру, есептеуіш және микропроцессорлық техника негізінде жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Әсіресе, Жезқазған-Қоскөл, Шұбаркөл- Терісаққан жаңа теміржол желілерінің ашылуы – Оңтүстік-Шығыс Азияның халықаралық транзиттік дәлізін (Ляньюнгань порты) Болашақ-Горган (Иран) түйіспесі арқылы Парсы шығанағы елдеріне және батыс Еуропаға ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, Достық станциясы мен Ақтау теңіз порты арасындағы пойыздардың жол жүру уақытын қысқартты. Ал үш жыл бұрын Қызылжар-Жезқазған өткізу қабілетін шектейтін учаскеде жартылай автоматты блоктауды ұйымдастыру және Жарық станциясынан Сексеуіл станциясына дейін өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында 4 блок-бекет пайдалануға берілген еді. Жезқазған станциясын қайта қалпына келтіру кезеңі аяқталды, атап айтқанда станциялық жолдар, бағыттамалар және бағдаршамдар орталықтандыруға қосылды. Бұл өз кезегінде Достық-Жарық-Жезқазған-Сексеуіл қысқа бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың өткізілімін ұйымдастыруға кететін пайдалану шығындарын қысқартты. Сонымен қатар, өткізу қабілетін арттыру үшін Орта-Дересин, Тоқырау станциялары бойынша қабылдау-жөнелту жолдары ұзартылды. Жүк айналымының артуына байланысты Шұбаркөл, Қызылжар, Жезқазған станцияларында қосымша қабылдау-жөнелту жолдарын салу жоспарлануда. Аймақтағы қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау Болатбек Әлмұрзаев жетекшілік ететін 6 адамнан тұратын тексеру аппаратына жүктелген. Қарағанды өңірінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылықтар саны әжептәуір азайған. Алайда, нормативтік-техникалық құжаттар мен лауазымдық нұсқаулықтардың белгіленген талаптарының сақталмауы және орындалмауы, адами фактор – маңызды ықпал етуші фактор екенін көрсетіп отыр.

«Қауіпсіздікті бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында биылғы жылы 500-ден астам тексеру жүргіздік. Жұмыс жүргізудің технологиялық процестері, пойызды жүргізу ережелері, инфрақұрылым құрылғыларын, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамды ұстау және пайдалану талаптарының сақталуы назарға алынды. Адамдарды пойыз басып кетуі, көп жағдайда олардың жауапсыздығынан, ішімдік ішіп алып жолға шығып кетуінен немесе суицидтік сипат алып жатады, енді біреулері телефонмен сөйлесіп немесе құлаққап киіп алып, музыканың бар даусын шығарып қойып тыңдап келе жатып, машинист дабылын естімей қалып жапа шегіп жатады. Мәселен, Қарағанды өңірінде локомотив бригадалары адамдарды басып кетудің алдын алу мақсатында 19 рет, ал малды басып кетуден сақтанып, жыл басынан бері 139 рет шұғыл тежегіш қолданған. Көлік жүргізушілерінің мәдениетіне келсек, бұл бағытта да жағдай мәз емес. Машинистер кейбір көлік иелерінің ақылға қонымсыз өрескел іс-қимылдары жаға ұстататынын айтады. Теміржол бойында балалардың алаңсыз қараусыз ойнап жүруі де қозғалыс қауіпсіздігі үшін үлкен қатер болып отыр. Міне, осындай жағдайлар теміржолшылардың негізгі қызметтерінен қол үзіп, мектептерде оқушылармен, қала берді жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көлік полицейлерімен бірлескен рейдтер жүргізуге мәжбүр етіп отыр», – дейді Болатбек Әлмұрзаев.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты