Семейде теміржолдағы ұрлық-қарлық азаймай тұр

Аймақтар
28.12.2021, 10:46
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жыл «ӘТЖК» ЖШС-нің Семей филиалы үшін біршама қарбаласқа толы болды. Жыл басынан бергі 11 ай ішінде бөлімше бойынша ұрлық-қарлық, теміржол құрылғыларын бүлдіру сынды түрлі құқықбұзушылықтар саны артқаны байқалады. Сондықтан 1394 шақырымдық бас жолдан тұратын бөлімше аумағын қатаң күзетпен қамтамасыз ету үшін атқыштар тобын және шұғыл әрекет ету оңтайлы тобын өз жұмыстарын күшейтуге мәжбүрлеген. Әсіресе, Ауыл, Шемонаиха сынды шекаралық станциялардағы күзет шаралары күшейтіліпті. Оған карантиндік шаралардың орын алуы, транзиттік жүк тасымалының қарқын алуы да себеп болып отыр. Ағымдағы жылдың өткен он бір айында күзетке 32728 пойыз, 846560 вагон алынып, межелі станцияларға аман-есен жеткізіліпті. Сондай-ақ, желілік полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер, жергілікті жұртшылықпен кездесулер де көптеп ұйымдастырылған. Нәтижесінде әскерилендірілген күзет қызметі қылмыстың алдын алумен қатар, жасалынған құқықбұзушылықтарды ашуда бірталай жетістіктерге қол жеткізуде. Мәселен, осынау уақыт аралығында филиалдың мобильді шұғыл әрекет ету тобының күзетшілері он төрт ұрлық фактісін тіркеп, ұсталған жиырмадан аса адамды желілік ішкі істер бөліміне тапсырған. Ол жерде басбұзарлардың жеке басы анықталып, арнайы есепке алынған. Бір өкініштісі, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда теміржол бойында ұрлық жасап тұтылғандардың саны он бес пайызға артқаны байқалып отыр.

– Бұл жайт әрине бізді қатты алаңдатып отыр. Себебі, желі бойындағы ұрлық жасау фактілерінің жиілеуі қырағылықты арттырып, қызмет барысында үнемі сергек болуды талап етеді. Қосымша күш пен қажырлылық қажет, – дейді «ӘТЖК» ЖШС-нің Семей филиалы басшысы Самат Ғазизұлы.

Қазіргі күні бөлімшенің ірі өнеркәсіп орындары орын тепкен Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Аягөз сынды тораптық станцияларындағы күзет қызметі қатаңдатылған. Әсіресе, ашық вагондардан тасымалдағы жүктерді ұрлау мен электр желілері сынды теміржол бұйымдарын жымқыру фактілеріне жол бермеу жіті назарда, кірме жолдар ғана емес, тұйық желілер де күзетілуде. Сонымен қатар, Аягөз, Семей қалалары мен Жаңғызтөбе кенті бойынша желі бойын белгіленбеген жерден кесіп өту фактілеріне жол бермеу үшін жүргізілген профилактикалық шаралар нәтижесі болса керек, соңғы үш айда бөлімше көлемінде қалаішілік желі бойында оқыс оқиғалар мен шұғыл тежелу тіркелмепті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті