Ерікті теміржолшылардың еңбегі ерен

Аймақтар
14.01.2022, 14:10
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде жер-жерде болған тәртіпсіздіктер кезінде Сексеуіл станциясында да пойыз қозғалысы тоқтап қалған болатын. Қаңтардың 5-6 күндері осы станциядағы теміржолшылар вокзал алдында тұрып қалған 2 пойыз бен ондағы жолаушыларға тамақ, су мен басқа да қажетті заттар жеткізіп, көмек көрсетті.

Бұл күндері еліміздің басына қара бұлт үйіріліп, мемлекеттің тұтастығына қатер төнді. Дегенмен елдің ауыз біршілігі жоғары болып, олар зардап шеккендерге қол ұшын созды. Солардың ішінде теміржолшылар да болды. Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғановтың айтуынша, станциядағы барлық құрылымдық бөлімшелердегі теміржолшылар арасынан шыққан еріктілер, әкімдік, жергілікті тұрғындар ауыз біріктіріп, вокзал алдында қазан-ошақ құрып, пойызда отырған жолаушыларға үздіксіз тамақ пісіріп берген.

- №78 Алматы-Маңғыстау пойызы Сексеуіл станциясына 5 қаңтарда таңғы сағат 6.13-те келіп, 34 сағат 19 минуттан кейін 6 қаңтарда сағат 16.52-де жолға шықты. Ішінде 489 жолаушы болды, соның 20-сы балалар. Сонымен қатар №112 Тальго пойызы 5 қаңтар сағат 14.01-де келіп, келесі күні сағат 16.39-ға дейін 28 сағат біздің станцияда тұрып қалды. Сондағы жолаушыларға станция халқы бірігіп, 10 қой сойып, 3 мезгіл тамақ берді. Оған қоса біздің станцияға жақын тұратын жолаушыларға еріктілер такси жалдап, бүлікшілерден аман-есен жолға салып жіберген, - дейді Е. Аяғанов.  

Осы шаруаның басы-қасында жүрген Қызылорда ЖТ бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Айдаров та сол күндері Сексеуіл станциясында пойыздағы жолаушыларға көмек беруде негізінен теміржолшылар жұмыла кіріскенін айтады.

- Станциядағы жолшылар, вагон қараушылар, локомотившілер, электрмонтерлер, байланыс саласындағы теміржолшылар қолдан келгенше халықтың жағдайын жасады. Бір жағы бүлікшілер көтеріліп жатты, олардың да пойызға қауіп төндірмеуін ойлап, әскери күзетшілер де бір адамдай еңбек етті. Тамақ, судан бөлек, пойызда ауырып қалған үлкен кісілерге дәрі жеткізіп бердік. Вагондарға көмірді қаппен тасып, суды Қазалыдан құйғыздық,  станциядағы ақылы дәретханалар иелерімен сөйлесіп, келісіп, оны да ұйымдастырдық. Әр теміржолшы кімнің үйінде қазан ошақ бар, кімде ыдыс-аяқ бар, бәрі барын сол перронға әкеліп, қолдан келген көмегін аямады, - дейді ол. Станцияға тоқтаған екі пойыз да Алматыдан шығып, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырауға бет алған болатын. Екі тәуліктен кейін жол ашылғанда барлық жолаушылар аман-есен пойызбен әрі қарай межелі жерге жету үшін аттанып кеткен.

Сексеуілдіктердің бұл жақсылығы туралы сол жерде болған азаматтар да әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісуде. Солардың бірі Ержан Қожас есімді журналист: «Өткенде Арал Ауданына қарасты Сексеуіл кентінде пойыздардың көп уақыт аялдап қалғаны бар. 13 мыңнан астам халқы бар Сексеуіл жұрты жайбарақат қалды деймісіз?! Атай көрмеңіз. Шалдары шалт қимылдайтын бұл елдің жастары да жайбарақат емес еді. Әп-сәтте от жағылып, қазан асылып, табақ-табақ ет вагон біткенді жағалап кете барыпты. Ыстық сорпасына қоса шұбатын да сімірген пойыздағылар. Сенсеңіз сол, екі күн бойы жолда қаңтарылған жолаушы ағайынды үш мезгіл ыстық астан үзбепті. Өзім мұнда талай болғанмын. Тілшілік тіршілікпен. Сүйкімді жұрт еді бұл Сексеуіл. Сонысынан таймапты ғой. Тайдыра көрмесін, Тәңірі!» деп алғысын білдірген екен.

Райхан Рахметова

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті