Шымкент темір жолындағы оқыс оқиғалар екі есе азайса да қауіпсіздік өткір мәселе

Аймақтар
21.01.2022, 09:25
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Өткен жылы Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келген төрт оқиға орын алды. Оның бірінде Шымкент станциясындағы жүру жолында жүк құлаған. Екіншісінде ТЧЭ-32 локомотив депосында техникалық құралдардың ақауына байланысты пойыз кідірген. Сондай-ақ, Отрабад пен Түркістан станциясында адам қағып кету оқиғасы тіркелген.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2020 жылы қозғалыс қауіпсіздігін бұзған 8 оқиға болған екен. Сандар айтып тұрғандай, сиыр жылы оқыс оқиғалар қанша дегенмен азайғанын айтады мамандар. Бөлімшеде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы төмендеп, оның ішінде ауыр жағдайға жол берілмегені атап өтерлік.

Жалпы, Шымкент теміржолы бөлімшесі бойынша Манкент, Ақшоқат, Түлкібас, Қазығұрт станцияларында адам мен мал басу, қағып кету оқиғалары жиі орын алатыны жасырын емес. Сондықтан қауіпсіздік ревизорлары осы станцияларға ерекше назар аударады.

Өткен жылы Шымкент ЖТ басшылығы еңбек қауіпсіздігін сақтау бағытында жұмысты қатаңдата түсті. Нәтижесінде 655 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде теміржол техникасын пайдалану ережелерін, маневрлік жұмыстар мен пойыз қозғалысының нұсқаулықтарын, сигнализация саласы бойынша нұсқаулықтарды, нормативтік-техникалық құжаттамаларды, сондай-ақ пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін регламенттейтін басқа да ережелерді бұзғаны үшін 338 ескерту, 239 сөгіс, 78 қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданды.

Теміржолшылар үшін бас ауруға айналған тағы бір мәселе – ол бөгде адамдар мен қараусыз малдың теміржолға шығып кетіп, қозғалысқа кедергі келтіруі. Осындай жауапсыздықтың алдын алу мақсатында Шымкент ЖТ бөлімшесі Желілік полиция бөлімшесі және Әскерилендірілген теміржол күзетімен бірлесіп 284 рейдтік тексеру жүргізіп, 247 бұзушылықты анықтады. Теміржол желісіне жақын тұратын және мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді және кінәлілерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық хаттамалар жасалды.

Локомотив машинистеріне жолда адам мен мал шығып қалған жағдайда қолданатын іс-қимылдар мен оны басып кетпеудің алдын алу бойынша түсіндіру нұсқамалары тұрақты өтіп тұрады.

Қорыта келе, өткен жылы мамандар теміржол төңірегінде тұратын елді мекендердің тұрғындары арасында төрт мыңнан астам азаматты қамти отырып, 283 кездесу өткізген. Бұған қоса, төрт мыңға жуық оқушыны қамти отырып білім ошақтарында 73 әңгімелесу өткізді. Азаматтарға қауіпсіздікке қатысты жадынамалар мен бейнероликтер таратылды. Жоғарыда айтып өткендей, былтыр қозғалыс қауіпсіздігін бұзған келеңсіз оқиғалар азайғаны рас, дегенмен төрт оқиғаның өзі бір аймаққа аз емес дейді жергілікті бөлімше мамандары.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?