Ақтөбедегі теміржол ревизорлары 5 мыңнан астам сәйкессіздікті анықтаған

Аймақтар
21.01.2022, 11:45
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ел өңіріндегі ірі филиалдарының бірі Ақтөбе жол бөлімшесі тасымалдау процесінде маңызды рөл атқарып, теміржол көлігінің жұмысын тиімді ұйымдастырып келеді.

Қандыағаш тораптық станциясы бөлімшенің «жүрегі» десек болады. Мұнда автоматты орталықтандырумен жарақтандырылған сұрыптау дөңесі бар, ол тәулігіне шамамен 2,5-3 мың вагонды өңдеп, 22 бағытқа пойыздарды жасақтайды.

Бөлімшенің Дөң станциясы аумағында хром кені өндіріледі, ол әлемде кен өндіру көлемі бойынша екінші орында тұр. Станциядан жыл сайын тиелетін бұл жүк түрінің көлемі шамамен 3-3,5 мың тоннаны құрап, ол Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауы- тына жөнелтіледі. Ал бөлімшеде тиелетін жүктің 50%-ға жуығын құрылыс материалдары құрайды. Олар көбінесе Біршоғыр, Мұғалжар, Сарысай, Кемпірсай, Қамыссай, Қаратоғай, Шұбарқұдық станцияларынан жөнелтіледі.

Ақтөбе бөлімшесінің географиялық жағдайы да айрықша, қысқы ауа-райы қатты аяз, қалың қар және боранды бұрқасынымен ерекшеленеді. Әсіресе, Мұғалжар тауының сілемдері созылып жатқан Біршоғыр және Никельтау жол дистанциялары үшін қыс маусымы қатал сынақ, соған қарамастан бұл аумақтың теміржолшылары қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуде ешкімнен кемшін қалған емес. Аймақта пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің толық қамтамасыз етілуін Еркінбек Елғонды жетекшілік ететін Ақтөбе телімі бойынша ревизорлық аппарат бақылауға алған.

Өңірдің бас ревизоры болып еңбек етіп жатқанына жетінші жылға аяқ басқан тәжірибелі теміржолшы жетекшілік ететін ревизорлық аппаратта қызмет етіп жүрген 5 ревизордың қай-қайсысы да өз ісінің кәсіби мамандары. Өткен жылы олар жылжымалы құрам мен техникалық құралдардың жағдайы, инфрақұрылым құрылғыларын пайдалану және күтіп ұстау, пойызды дұрыс басқару, жұмыс барысында технологиялық процестердің талаптарын сақтау бағытында 600-ге жуық тексеріс жүргізіп, 5 мыңнан астам сәйкессіздікті анықтаған.

Сондай-ақ, пайдалану процесіне шектеу қою арқылы қозғалыс қауіпсіздігіне қайшы келетін 600-ден астам өрескел бұзушылықтың алдын алған.

«Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған тиімді. Сол сияқты теміржолда да қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуынан болуы ықтимал апаттарға себепші факторларды дер кезінде анықтау әлдеқайда тиімдірек. Сондықтан қауіпсіздік ревизорларына жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Ал біз сол жауапкершілік үдесінен өз міндетімізді адал атқарып, талабымызды бұлтартпас айғақ-дәлелдермен орындата алғанда ғана шыға аламыз. Ең бастысы, қозғалыс қауіпсіз де үздіксіз болсын», – дейді Еркінбек Шүйінішбайұлы.
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға