Биыл Семейде жүк айналымына басымдық берілетіндіктен станцияларға салмақ түскелі тұр

Аймақтар
25.01.2022, 12:23
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жыл үлесінде атқарылуы тиіс іс-шаралар легі бекітілуде. Бұл орайда жүк айналымын арттыру бойынша қолға алынуы тиіс жұмыстар қатары артып отыр. Әсіресе, негізгі күш жүк станцияларына түсетіні белгілі.

Бөлімше бойынша көмір тасымалынан кейінгі орында түсті металл рудасы мен құрылыс заттарының айналымы екінші орында тұр. Өткен жылғы жоспарлы шаралар карантиндік шектеулерге қарамастан межелі мерзім ішінде толықтай орындалғандықтан биылғы жұмыстардың ауқымы біршама кеңейтілді. Осы ретте шығыстағы ірі өнеркәсіптік аймақ саналатын Жарма өңіріндегі жүк станцияларына түсетін салмақ артып отыр. Яғни, Суықбұлақ, Шар, Жаңғызтөбе, Шалабай сынды станциялардағы жүк түсіру мен тиеу ісін ширатуға қатысты шаралар қабылдануда.

Өткен жылы бір ғана Жарма өңірі бойынша өнеркәсіп саласындағы өнім өндіру 293 095,0 млн теңгені құрапты. Тасымалдың 90 пайызы теміржол арқылы жүзеге асырылған. Бұл орайда қосымша кірме жолдар салуға арнайы инвестиция да бөлінген. Олардың барлығы дерлік өндірісті жаңғырту бойынша қолға алынған жаңа жобалар саналады. Жарма-Шар телімінің 817,1 шақырымында орын тепкен үшінші класты Жаңғызтөбе станциясына ерекше басымдық берілуде.

Тоқтала кетсек, биылғы жылы аталмыш станцияда тиелетін аса бағалы түсті металдың тасымалдану көлемін 1,0 млн тоннаға жеткізу көзделуде. Қазіргі меже бойынша бұл – толықтай қолжетімді шара.

Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімі мамандары атап өткендей, станция инфрақұрылымдық тұрғыдан қайта жаңғыртылған. Оған бір себеп, Жаңғызтөбенің іргесіндегі қайтадан ашылған кен орнынан құрамында алтыны бар сульфидті руда өндіру қолға алынған болатын. Нәтижесінде жүк тиеу көлемі күрт артты. Осы орайда, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін вагондарға жүк тиеу көлемі 1563 пайызға дейін еселеп артыпты. Өткен жылы 7800 шамасында вагон жөнелтілді. Ал, ағымдағы жылғы болжамды жоспар бойынша жүк тиелетін вагондар саны шамамен 15 000-нан асып жығылады деп күтілуде. Бұл шаралар өз кезегінде жаңғызтөбеліктер үшін вагон тапшылығын болдырмай жүйелі іске көшуді міндеттеп отыр.

Жүк тасымалының қарқынын арттыратын келесі қадам Шар және Суықбұлақ станциясы бойынша жүзеге асырылмақ. Құрылыс заттарын тиеуге тапсырыс беретін «Алина» ЖШС, «Семей цемент зауыты» АҚ, т.б. өнеркәсіп орындарымен ынтымақтастықты нығайта отырып, аталмыш станциялардан тиелетін жүк көлемі жыл соңына дейін 1,0 млн тоннаға жеткізу көзделуде.

Ал, жыл басындағы жүк тасымалының бір жетістігі – құрылыс материалдарын тиеу бойынша 3-ші класты Суықбұлақ станциясы барлық көрсеткіштерді орындауда. Мұнда қазіргі күні тәулігіне 85-90 вагонға дейін әктас пен қиыршық тас тиеліп жөнелтілуде. Жалпы, қаңтар- ақпан айларында жүк тиеу мен тасымалдау ісі Шығыс өңірі бойынша біршама саябырлайтынын ескерсек, мұның өзі жоспарды толық орындау үшін тәп-тәуір көрсеткіш саналады.

Сол тәрізді 1 класты Жаңа-Семей жүк станциясынан темір-бетонды өнімдер мен «Силикат» ЖШС-ның кірпіш өнімдері мен цемент тиеу де артқан. Мәселен, цемент жөнелту өткен желтоқсан айында техникалық жоспар бойынша артығымен орындалып, 109,1 пайызға жетіп отыр. Оған республиканың әр түкпірінен түсетін тапсырыстың көбейіп отырғаны да себеп болуда.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті