Шымкент теміржолында 11 өткелде бейнебақылау орнату қажет

Аймақтар
01.02.2022, 11:40
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Теміржолда ең басты мәселе – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі. Өткен жылды Шымкент магистральдық желі бөлімшесі апатсыз аяқтады. Дегенмен, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себеп болған бірқатар келеңсіз жайттар тіркелген.

  Оның ішінде жолдың ақауына байланысты қозғалыс қауіпіздігіне нұқсан келген, технологиялық «толаскездің» артық уақыт алуы, бағдаршамның ескертпесіне қарамастан өтіп кеткен жағдайлар орын алды. Әрине, қауіпсіздік мамандары қозғалыс барысында мұндай өрескел қателіктердің болмауын, болған күнде оған алдағы уақытта жол бермеуі үшін қадағалау жұмыстарын күшейтуде.

Жалпы, НЖС-9 бойынша жол шаруашылығы мен белгі беру және байланыс дистанциялары, электрмен жабдықтау дистанци- яларын қосқанда қондырғылардың істен шығуы 78 рет орын алыпты. Шымкент және Арыс жол дистанцияларында шұғыл тоқтау саны 70-ке жеткен, 34 мал басу оқиғасы орын алған.

  «Байқағаныңыздай, жол қауіпсіздігі бойынша 2021 жылы көп дерек тіркелді. Әсіресе жол дистанциясы шаруашылығында қондырғылардың ескіргені байқалады, бұрма бағыттары, рельс тізбектері мен рельстердің ажырауы, сынуы көп кездескен. Темір екеш темір де тозады. Олардың бәрін жолшылар күтіп-баптап ұстағанымен, кейбір техникалар, қондырғылар расында уақыт өте келе қанша күтім жасағанмен жарамсыз болып қалған. Белгі беру-байланыс саласы бойынша өндірістік жұмыстардың кестесі сапасыз атқарылған. Қондырғылар мен байланыс желілерінің көбі мұнда да ескірген. Сондай-ақ, Дарбаза-Сарыағаш, Игілік-Бадам, Арыс, Қызылсай, Күншағыр, Түлкібас, Қорғасын станцияларында орын алған оқиғаларға талдау жасау көбінде жолға шығып қалған адам мен малды қағып кету, бағдаршамды бақыламау, бұрмалардың дұрыс орналаспауы себеп болғаны анықталды», – дейді қауіпсіздік бөлімінің бастығы Нұрбақыт Байыров.

Жол шаруашылығында орын алған 36 кемшілікке ортақ себептер, рельстің арасына қиыршық тастар түсіп кетуі, рельстер ажырап, болттар босап, шаблонмен өлшегенде жолдар арасында алшақтықтар орын алғаны белгілі болды. Қауіпсіздік мамандары теміржолға жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына ҚР Кодексінің 559-бабы, 1-55-тармағы (ескерту немесе үш АЕК мөлшерінде айыппұл салу) бойынша 2197 ақпараттық парақша таратты. Станцияларда мектеп оқушыларымен, жергілікті тұрғындармен жиындар өткізіп, теміржол арқылы мал жаю және айдап өту ережелермен таныстырды. Желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп өтпелерде жол жүрудің алдын алу бойынша кешенді рейдтер жүргізді.

Н.Байыровтың айтуынша, өткен жылы 22 км мал қоршауын жөндеуді жоспарлаған. Дегенмен қабылданған шаралар қажетті нәтиже бермей отырғанын қынжыла жеткізді.

Сондай-ақ, өткен жылы жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін барлық күзетілетін өткелдерге бақылау орнату жайлы әкімдіктерге хат жолданғанымен әзірге ешқандай жауап болмай отырғанын да айта кетті. Қауіпсіздік бөлімі бастығының айтуынша, Шым- кент теміржолы бойынша бес жол өтпесін салу және 11 өткелде бейнебақылау орнату қажет екен.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?