Байырғы теміржолшы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Аймақтар
08.02.2022, 12:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бір топ сала ардагерлерін қабылдап, Консультативтік кеңес мүшесі, құрметті теміржолшы Марат Хамзинді сексен жылдық мерейтойымен құттықтап, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Мерейтой иесін «Казлогистикс» Қазақстан көлік қызметкерлерінің одағы атынан құттықтаған Юрий Лавриненко «Көлік бизнесін дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі мен сертификат және «Дәстүр» деп аталатын ескерткіш сыйлығын табыстады. Ал «Қазкөліккәсіп» төрағасы Оразғали Ахметбаев Марат Шәймерденұлын ұстаз әрі әріптес тұтатынын атап өтті.

«Сонау 1993 жылы қазіргі ұжымдық шарттың негізін қалауға ықпал еткен келісімге қол қойғандардың қатарында Батыс темір жолын басқарып отырған Марат Хамзин ағамыз да болды», – деп өткен күндер естелігімен бөлісті.

Мерейтой иесін құттықтаған ардагер теміржолшылар қатарында Марат Хамзинмен кезінде қызметтес болған әріптестері, шәкірттері де болды. Солардың бірі Борис Исинаманов ақсақалға ақ жарма тілегін әдемі өлең жолдарымен жеткізді. Орталық ардагерлер кеңесі атынан төраға орынбасары Жұмагүл Әлжан құттықтап, ыстық ықылас-лебізін білдірді. Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қазақ теміржолының өсіп-өркендеуінде, дамуында теміржолшы ардагерлердің еңбегі орасан зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясының құрылғанына 25 жыл толып отырғанын және осы ширек ғасырлық мерейтойына Компания жоғары жетістіктермен келіп отырғанын жеткізді.

«Кеңес дәуірі өтіп, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі теміржолдың жағдайын, эксплуатациялық жүк айналымының төмендеп кеткенін өздеріңіз білесіздер. Ал 2021 жыл ҚТЖ пайдалану жүк айналымы 239 млрд тонна-километрге жетті, бұл тәуелсіздік жылдарындағы тарихи ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Біздің 2-3 трлн қарызымыздың барына қарамастан, мемлекеттің көмегінсіз 100 млрд теңге пайда кіргіздік. Өткен жыл транзиттің жақсы жолға қойылуымен де ерекшеленді. Қытайдан Еуропаға және Орталық Азияға 1 млн ЖФЭ тасымалдап, 2021 жылдың 5 желтоқсанында мақсатты көрсеткішті мерзімінен бұрын жаптық. Биылғы жылға да алдымызға үлкен міндеттер қойып отырмыз. Достық-Мойынты арасында екінші жол салмақпыз. Өзбекстан бағытында Дарбаза-Мақтаарал теміржолы салынады. Қазір Алматы Қытайдан келетін жүкті қабылдай алмай, «тұншығып» тұр. Сондықтан бұл өңірде айналма жол салу жобасы қолға алынбақ. Бұл жоба баяғыда көтерілген болатын. Міне, теміржолды дамыту бағытында осындай ірі жобаларды іске асырмақпыз. Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, ұлттық қордан ақша бөліп отыр. Осылайша, биыл инфрақұрылымды біраз жақсартамыз деген ойдамыз. Әрине, бұдан басқа проблемалар жеткілікті. Парктер ескірген, жөндеу жұмыстары қажет. Ең басты проблема қаржылық қарыз болып тұр. Сол себепті локомотив паркін, басқа да техникаларды жаңартуға қаржы бөле алмай отырмыз. Жол шаруашылығы бойынша күрделі жөндеу көлемін арттыруға басымдық беріп келеміз. Себебі, қозғалыс қауіпсіздігі нөмірі бірінші мәселе болып қала бермек», – деп түйіндеді сөзін Нұрлан Ермекұлы.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты