Өткен жылы Арыста 11 мәрте мал басу оқиғасы тіркелді

Аймақтар
08.02.2022, 12:45
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс жол дистанциясы өткен жылы қауіпсіздік шараларының алдын алып, апат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барын салды. Десе де, пойыздың жолына шығып кеткен қараусыз малға тыйым болмай тұр. Былтыр 11 мал басу оқиғасы орын алды.

Дарбаза-Сарыағаш өткелінде №86 жолаушы пойызы жылқыны қағып кеткен. Электровозға қатты зақым келгені соншалық, көмекші локомотив алдыруға мәжбүр болған. Бір ғана қараусыз малдың кесірінен аталған пойыз Сарыағаш станциясына үш жарым сағат кешігіп келген.

Өкінішке орай, пойыз басып кеткен малдың иесі де табылмайды екен, әлгі 11 малдың тек бесеуінің ғана егесі анықталып, айыппұл салынған. Сонда дейміз-ау, ақ адал малынан бір айрылып, айыппұл тағы төлеп шығынға батқан шаруа «шығасыға иесі басшы» екенін неге ескермейді деген ой келеді. Жолшылар әдетте теміржолға жақын тұратын тұрғындар мен мектеп оқушыларын жиі аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, желілік полициямен тұрақты рейд те өткізіп, мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға тырысады.

«Жергілікті халықтың малмен күн көріп отырғаны рас, оларға «мал жаю және айдап өту ережелерін» түсіндіріп-ақ жатырмыз. Халыққа темір жол арқылы кез келген жерден өтуге, жол бойымен жүруге, ұялы телефонмен сөйлесіп немесе құлаққап тағып жүруге және суретке түсіп, селфи жасауға, тоқтап тұрған вагонның астынан өтуге, темір жолдың бағыттағыш бұрмалары үстінен өтуге болмайтынын түсіндіруден кенде емеспіз. Бірақ, темір жол бойында болатын түрлі қайғылы жағдайлар жыл өткен сайын көбейіп бара жатқаны қатты алаңдатады. Малдан бөлек, Сарыағаш-Арыс-Түркістан аралығында бөгде адамдардың белгіленбеген жерден темір жол арқылы өту оқиғалары да жиі кездесуде, адам өлімі, жасөспірімдердің тәртіп бұзуы тағы бар, айналып келгенде біз, жолшылар, жол бойын мал мен жаннан қоритын бақташыға айналдық», – дейді дистанцияның техникалық бөлім бастығы Бақытжан Сарыпбеков.

Айтуынша, 2021 жылы мал жаю ережелерін бұзушыларға қатысты әкімдікке сегіз хат жолданған. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілері темір жол өткелі арқылы өтуде де жиі ереже бұзатыны жасырын емес, сондықтан олардың бәрін бейнебақылаумен жабдықтау қажет.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?