Шұбарқұдық станциясының тұрғыны «Халық алғысы» жобасының кейіпкері атанды
Аймақтар
15.02.2022, 17:46
Ардақ Ерубаева
Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші
«Батыс» аймақтық филиалына қарайтын Шұбарқұдық станциясының тұрғыны Жалғасбай Қонысбаев «Халық алғысы» жобасының кейіпкері атанды.
Темір ауданының әкімдігі вокзал маңында жолаушыларға көмектесумен уақыт өткізетін ауыл тұрғынын «Халық алғысы» жобасының жаңа кейіпкері ретінде таныстырды.
Екінші топ мүгедегі деген әлеуметтік статусы бар Шұбарқұдық станциясының тұрғыны Жалғасбай Қонысбаев 48 жаста. Ол – он жасынан бастап Шұбарқұдық стан- циясындағы теміржол вокзалында жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.
«Бұл баланың марқұм әкесі өмір бойы вагон шаруашылығын басқарып, зейнетке шыққан еді. Жалғасбай бала күнінен теміржол бойын жағалап өскен бала, әкесіне еріп депоға да келетін. Қанша жыл болды, көретініміз – үнемі вокзалда жүреді. Пойыздан түсіп жатқан, мінген жолаушыларға көмектеседі. Жөн сұрағандарды жолға салып, қиналғандарға қол ұшын созып, балаша шапқылап жүреді. Еріктілер қозғалысы теміржолда бір-екі жыл болды басталғалы, ал біздің Жалғасбай оны он шақты жыл бұрын бастаған», – дейді Шұбарқұдық станциясының басшысы Алтай Абдуллин.
Аудан әкімдігі имандылық пен адамгершілікті ту етіп, ел алғысына бөленіп жүрген азаматқа сый-сияпат көрсеткен.
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды