Пойыз апатының алдын алуға септігін тигізген жол шебері марапатқа ұсынылды

Аймақтар
01.03.2022, 13:14
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Шоқпар жол дистанциясының жол шебері Таңат Ақылбай кәсіби теміржолшыға лайық қырағылығы арқасында локомотивтің түтіндеп бара жатқанын байқап қалып, үлкен қауіптің алдын алды.

Оқиға былай болған еді. Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Шу-Отар теміржол телімінің Құлақшын-Бел аралығында күндізгі сағат 12-ден 08 минут кеткенде теміржолға ағымдық күтім бойынша жұмыс жүргізіп жатқан жолшылар жұп жолдан №2492 жүк пойызын өткізеді. Осы кезде жол шебері Таңат Ақылбай құрамды тартып бара жатқан электровоз локомотивінің қос доңғалағының түтіндеп бара жатқанын байқап қалады. Жол шебері бұл жағдайды дереу Бел станциясының өткел кезекшісіне хабарлайды. Өткел кезекшісі Қанат Ереншиев суыт хабарды алған бойда машинист Бойченко жүргізіп келе жатқан №2372 электровоздың қос доңғалағы түтіндеп келе жатқанына көз жеткізіп, шұғыл рациямен машинистке шығып, локомотивті тоқтатуға пәрмен береді. Машинист Бойченко пойызды тоқтатып, қауіп сейілді. Осылайша, өз міндеттеріне адалдық танытып, сын сағатта сауатты әрекет еткен жол шебері Таңат Ақылбай мен өткел кезекшісі Қанат Ереншиев Ұлттық компанияға қыруар шығын әкелетін қатердің алдын алды.

Әріптестері Қанат Ереншиевтің де, Таңат Ақылбайдың да тәжірибелі, еңбекке адал да жауапты, шұғыл шешім қабылдай білетін қасиетке ие теміржолшылар екенін айтады.Таңат Ақылбай Шоқпар жол дистанциясында жол монтері бо- лып бес жыл жұмыс істеп, былтыр жол шебері болып тағайындалған. Ал Қанат Ереншиев теміржол саласындағы еңбек жолын сонау 1988 жылы бастапты. Ұзақ жыл жол монтері болып, Шоқпар жол дистанциясының өткел кезекшісі қызметіне былтыр ауыстырылған.

Шоқпар жол дистанциясының басшылығы мен ұжымы Таңат Ақылбай мен Қанат Ереншиевті «Адал еңбегі үшін» төсбелгісіне ұсынып, жоғары басшылыққа хат жолдаған.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты