Қандыағаш станциясы төрт тарапқа қызмет көрсетеді

Аймақтар
11.03.2022, 10:06
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қандыағаш станциясының тарихы өткен ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент темір жолымен байланысты. Былтыр кластан тыс сұрыптау станциясының құрылғанына 120 жыл толды.

  Бүгінде республикалық маңызы бар Қандыағаш станциясы тоғыз жолдың торабына айналып, төрт бағытқа қызмет көрсетеді. Станцияда қуаты орташа сұрыптау дөңесі, 5 парктен тұратын 3 маневрлік аудан бар. Дөңесалды, сұрыптау, жөнелту, қабылдап жөнелту және Қандыағаш-2 парктер жұмыс істейді. Қазіргі таңда станцияда 7 бірдей маневрлік локомотив жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 маневрлік локомотив құрамдарды парктен паркке қайта ауыстыру, вагондарды кіреберіс жолдарға және вагон жөндеу кәсіпорындары жолдарына әкелу, жинау, ағыту және тіркеу, вагондарды ауыстырып қою, жолаушылар пойыздарын өңдеу, Ақкемер және Темір станцияларының кіреберіс жолдарында вагондарды беру және жинау бойынша қызмет көрсетеді. 3 маневрлік локомотив дөңестегі маневрлік жұмыстармен айналысады, оның екеуі құрамды жылжыту, біреуі сұрыптау паркі жолда- рында жұмыс істейді.

Станцияның маневрлік жұмыстарын күшейту үшін Никельтау, Ембі, Шұбарқұдық бағытынан қосымша жолдар салынған. Сұрыптау дөңесі ГАЦ-АРС жүйесімен жабдықталған, 21 жолдан тұрады. Сұрыптау дөңесінің 3 тежегіш қызметі автоматтандырылып, 31 баяулатқыш орнатылған. Яғни Қандыағаш станциясы автоматтандырылған басқару жүйесі бар, теміржол желісі бойынша ірі сұрыптау станциясына жатады.

Станция бастығының орынбасары Талғат Бисалының айтуынша, 2020 жылы пандемия басталғанына қарамастан станция сұрыптау дөңесі арқылы 1 млн 100 вагонды өңдеуден өткізіп, рекордтық көрсеткіш орнатты.

Бүгінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «Ақтөбе жүк тасымалы» бөлімшесіне қарасты станцияда барлығы 244 адам еңбек етеді. Соның ішінде 51 станция кезекшісі, 32 пойыз құрастырушы бар. Осыдан-ақ, станция жұмысының ауқымдылығын байқауға болады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті