Магистральдық желі дирекциясында өткен жылы өндірістік жарақатқа жол берілген жоқ

Аймақтар
11.03.2022, 10:14
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу және нөлдік жарақаттану деңгейіне қолжеткізу мақсатында былтыр біраз жұмыс атқарды. Нәтижесінде өткен жылы өндірісте жарақат алу оқиғасына жол берілген жоқ.

  Айталық, шағын механикаландыру құралдарына қызмет көрсету бойынша технологиялық карталар қайта әзірленіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіліп, желілік, аймақтық және тораптық деңгейдегі қауіпті әрекеттер мен тәуекелдер тізімімен жұмысшылар түгел таныстырылды. Сонымен қатар пайдалану жұмысының өндірісі барысында технологиялық процестің дұрыс орындалуын, жазатайым оқиға кезінде жұмысшылардың дұрыс әрекетін талдау және бақылау үшін 548 экшн камерасы сатып алынды. Трансформаторлық қосалқы станцияның, тарату орталығының кіріс және шығыс фидерлерінде «толық өтелумен» санатындағы жұмыстарды орындау кезінде жұмыс технологиясын өзгерте отырып, көрінетін үзілістерді қамтамасыз ету үшін 10 кВ айырғыштардың 295 бірлігі сатып алынды. Ал ток беретін электр жабдығына рұқсатсыз кіруді болдырмау үшін 2432 құлып (оқшаулағыш патронмен) және 514 қауіпсіздік белдіктері сатып алынды. Сондай-ақ, магистральдық желі дирекциясы бойынша 36 нормативтік-техникалық құжаттама қайта жасалды.

Магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері цифрлық технологияның жетістіктерімен жете таныс. Әсіресе, дирекция өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экология мәселелерінде Өндірістік қауіпсіздік ақпараттық жүйесін (ӨҚ АЖ) кеңінен пайдаланып, оның белсенді қолданушысы болып отыр. Күнделікті қызметте қызметкерлер өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаның жай-күйін ішкі бақылау барысында, сондай-ақ, тексеру парақтарын жүргізу және құрастыру үшін ӨҚ АЖ мобильді қосымшасын белсенді пайдаланады. ӨҚ АЖ-да орналастырылған постерлерді   барлық деңгейдегі басқару қызметіндегі басшылар мен орта буын мамандар әрбір планерка мен селекторлық кеңес алдындағы қауіпсіздік минутында, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беру кезінде пайдаланып келеді.

ӨҚ АЖ жүйесінде жүргізілетін жұмыстарды талдау және бақылау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне ӨҚ АЖ жүйесінің үстелдік (компьютерлік) нұсқасы ыңғайлы екенін айтар едік. Дирекция алға тартқан мәліметке сүйенсек, 2021 жылдың қорытындысы бойынша қауіпсіздік мәдениетін арттыру және ӨҚ АЖ жүйесінің модульдерінде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру шеңберінде онлайн режимде межелі 20554 адамның орнына 23 279 маман оқытылған. Сонымен ӨҚ АЖ мобильді қосымшасы арқылы былтыр ішкі бақылау бойынша 16 719 бұзушылық тіркелсе, жұмыс орындарында қауіптер мен тәуекелдердің алдын алу және қауіпті факторларды анықтау мақсатында қауіпсіздіктің іс-қимыл диалогтарының нәтижелері бойынша 9145 сәйкессіздік ресімделген.

Қауіпсіздіктің іс-қимыл диалогы қорытындысы бойынша жазатайым оқиғалардың алдын алуға елеулі үлес қосқан және жаңа қауіпсіздік құралдарын белсенді қолданып жүрген үздік қызметкерлер анықталып, ынталандырудың әртүрлі номинациялары бойынша марапатталды. Осылайша, компания бойынша 432 адам ішінен Магистральдық желі дирекциясы жетекшілік ететін бөлімшелердің 163 қызметкері (немесе 38%) түрлі санаттағы сыйақылармен көтермеленіп, оның ішінде 12 қызметкер – 130 АЕК, 15 қызметкер – 20 АЕК, 101 қызметкер – 4 АЕК, 35 қызметкер 2 АЕК көлемінде сыйақы алды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты