Семей ТЖ қауіпсіздікке қатысты 61 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Аймақтар
18.03.2022, 09:59
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша өзекті мәселелердің бірі желі бойындағы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі болып тұр. Осы орайда Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері балалар мен жасөспірімдердің теміржол бойындағы қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!» атты акцияның бірінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Шара барысында тәртіп сақшылары теміржолшылармен бірлесіп арнайы жұмыс штабын құрған болатын. Оған қоғамдық қауіпсіздік және басқа да қызметтер бойынша 18 қызметкер жұмылдырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – пойыздардың адамдарды басып кету фактілерінің алдын алу, сондай-ақ балаларды теміржол бойындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне дағдыландыру.

Іс-шара кезеңінде желі бойына жақын орналасқан елді мекендердегі тұрғындармен үш мәрте кездесу, әңгімелесулер, теміржол вокзалының қызметкерлерімен екі рет құқықтық түсіндіру шаралары өткізілді. Оның сыртында теміржолға жақын орналасқан оқу орындарында да қауіпсіздік тақырыбында арнайы сабақтар өтті. Сонымен қатар, түсіндіру-кеңестік көмек көрсету мақсатында жолаушылар пойыздарында да жиындар өтіп, жолаушылармен кездесулер ұйымдастырылды. Арнайы буклеттер мен ескертпелер үлестірілді.

Бір бұл емес, акция аясында тәртіп сақшылары ӘТЖК Семей филиалы қызметкерлерімен қала ішіндегі желі бойында бірлесіп рейдтер де өткізді. Теміржолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өткен балалармен олардың ата-аналарының қатысуымен әңгімелесулер де өтті.

– Жалпы, шара барысында желілік полиция қызметкерлері 61 әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады. Соның ішінде теміржолдың белгіленбеген жерінен кесіп өту бойынша 43 адам айыпты болып табылды, – дейді Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті