Семейде көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр

Аймақтар
29.03.2022, 11:58
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биыл кешігіп келген көктем шығысқа да жетті. Наурыз айы туысымен теміржолшылар үшін су тасқынымен күрес шаралары қарқын алды. Семейліктер үшін бұл ретте қыс бойғы жүргізілген жұмыстар оң нәтиже беруде.

  Негізінен Семей магистральдық желі бөлімшесінің аумағы – республика бойынша жауын-шашын мол түсетін әрі өзен-көлшігі және бұлақ сулары көп аймақ. Сондықтан, теміржолшылар үшін жылдың осы мезгілі аса мазасыз өтеді. Оның үстіне теміржол желісі көктей өтетін Абай облысының 8 аумағы еріген қар мен қызылсу басу қаупі аса жоғары аймақ саналады.

Қазіргі таңда Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежановтың жетекшілігімен құрылған арнайы топ су тасқынының алдын алу бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған дейін арнайы жоспар әзірленіп, атқарылар іс-шаралар пысықталған болатын. Оның ішінде еріген қар сулары суағарлар арқылы кәріздерге жіберіліп, желі бойына жақын орналасқан көлдер мен өзендер және су қоймаларының деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған.

Бөлімше мамандарының сөзіне сүйенсек, наурыздың 25-і күнгі көрсеткіш бойынша НЖС-6 мекемелеріне тиесілі 440 көпір, 368 құбыр, 181 км арық, 1216 км су жүретін арналар қардан толық аршылып, тазаланған. Сонымен қатар, көктемгі сең жүру және қызылсу тасқынының алдын алып, қажет жағдайда шұғыл жұмылдыру мақсатында қажетті техникалар қазіргі күні толығымен даяр тұр.

– Семей магистральдық желі бойынша су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар биыл да ерте қолға алынды. Мәселен, қазіргі таңда бөлімше бойынша 5 пойыз жасақталды. Бұдан өзге арнайы әзірленген тастар мен темірбетонды шпалдар бар. Инертті материалдар жеткілікті. Дегенмен биылғы қыста қардың жылдағыдан аз мөлшерде түсуі, қатты аяздың болмауынан жер қабатының тоң болып қатпауы аймақ бойынша қызылсудан келер қауіпті біршама сейілтіп отыр. Десек те, көктемнің құбылмалы ауа райы босаңсуға жол бермейді. Қауіп бар, және ол мамырдың соңына дейін сақталады, сондықтан қапы қалмаудың барлық жолын қарастырып, тас-түйін дайындықта отырмыз, – дейді НЖС-6 жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.

Мамандардың айтуынша, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша су шаю қаупі ең жоғары аумақтар Жаңа-Семей және Аягөз жол дистанциясының қарамағындағы телімдер екен. Сондықтан, екі жол дистанциясы – ПЧ-40 пен ПЧ-42 жолшыларына елеулі күш түсіп тұр.

Ал, бөлімше қарамағындағы желі бойында жалпы саны 89 қауіпті орын бар. Жекелей тоқталсақ, ПЧ -39-да – 6, ПЧ-40-та – 13, ал Аягөз жол дистанциясы бойынша 20 орын тасқын болуы мүмкін қатерлі аумақтар тізімінде. Сонымен қатар, шығыстағы Защита-Күмістау-Алтай телімдерінде қар көшкіні жүру қаупі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Оның үстіне соңғы тәуліктердегі толассыз қар мен жаңбыр да қырағылықты арттыруды міндеттеп отырған жайы бар. Сондықтан, босаңсуға жол жоқ.

ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды
Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде