Маңғыстауда теміржолға тым жақын орналасқан автожол қауіп төндіріп тұр

Аймақтар
05.04.2022, 11:52
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясының мамандарын былтырдан бері алаңдатып отырған бір мәселе бар. Ол – бірінші санатты теміржол өткеліне жанасатын автокөлік жолының жайы.

Айтуларынша, бірінші категориялы теміржол өткеліне 100 метр қашықтықта екінші деңгейлі автокөлік жолы болмауы тиіс. Министрліктің арнайы бұйрығында бұл туралы тайға таңба басқандай көрсетілген. Сондықтан, Маңғыстау жол дистанциясына қарайтын күзетпелі өткелдердің біріне жақын орналасқан екінші деңгейлі автокөлік жолы алаңдатпай қоймайды.

– Бұл жөнінде Маңғыстау ауданы әкімі Т.Көшмағанбетовке хат жаздық. Онда теміржол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №495 бұйрығының 2-тарау 23-тармақшасына сәйкес, Шетпе станциясына таяу 314-шақырымдағы «Қазына Маңғыстау» ЖШС-не тиесілі теміржол өткеліне жанасып қауіп тудырып тұрған қиыршықтасты автомобиль жолын жабуға ықпал етуді сұрадық. Жоғарыда келтірілген бұйрық негізінде бірінші категориялы өткелге 100 метр қашықтықта жанама екінші деңгейлі жол болмауы қажет. Пойыз келіп жатқанда тым жақын жерде көліктер кептелісі қозғалысқа қауіп төндіреді. Оның үстіне телімнен жолаушы да, жүк те пойыздары жиі өтеді, Тальго жүрдек пойызы да жүреді, – деген Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаев әкімдікке жіберілген хаттан жауап келмегенін қынжылыспен жеткізді.

Айтуынша, дәл осы жолды өткен 2021 жылдың 23 сәуірінде бірнеше құзырлы мекеме өкілдері бірлесе жапқан. Арнайы акт түзіп, жолдың қызметін ресми түрде тоқтатқан. Бірақ, мүдделі тараптардың күш салуымен уақыт өте келе қайта ашылған. Бұл – республикалық деңгейдегі маңызды магистраль емес, сондықтан оны теміржол өткелінен қауіпсіздік қағидатына сәйкес талапқа сай қашықтықта өткізу қажет деп санайды теміржолшылар.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл