Қызылорда теміржолшылары медициналық жарна төлеу мәселесін көтерді

Аймақтар
15.04.2022, 09:51
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай аймақ теміржолшылары медицина саласының мамандарымен кездесіп, жан-жақты мағлұмат алды. «Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығына орай Қызылорда филиалының арнайы ұйымдастыруымен өткен жиында медициналық сақтандыру мәселесі сөз болды.

МӘМС қорының облыстық филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов қор жұмысы жайлы ақпараттандырып, теміржолшылар сауалдарына жауап берді.

Айтуынша, қазіргі таңда дәрігерлік көмекке жүгінушілердің арасында дәрігерлік сақтандыру МӘМС жүйесіне жарна аударылмай қалып, дау-жанжал туындайтын жағдай көп кездеседі екен. Тіпті осы жиынның өзінде сақтандыру қорының өкіліне жиналғандар сұрақты қарша боратып жатты... «емханаға барсам сақтандырылмағансыз, жұмыс орныңыз аударым жасамаса, жарнаны қолма-қол төлеп көмек алыңыз дейді», «мұндай сақтандырудың көмектен гөрі әлегі көп», «маған осы айда жарнаңыз аударылмағандықтан дәрігерге көріне алмайсыз деді», т.т. сауалдарға А.Рахымов жан-жақты жауап беруге тырысты.

Залда айтылған сауалдармен бірге МӘМС жүйесінде азаматтардың мәртебесін анықтау, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндеті, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай қаржыландырылады, халықтың құқықтары мен мүмкіндіктері деген сынды өзекті мәселелерге қатысты да түсінік берді.

– Медицина саласында 2020 жылдан бастап жасалған реформа негізінде еңбеккердің айлық табысы мен жұмыс беруші мекемеден аударым жасалып, қазіргі медициналық қызмет тегін және ақылы қызмет болып жіктеліп, екі түрлі ұстаныммен жұмыс істеп келеді. МӘМС жүйесі мемлекеттік құрылыммен басқарылады. Онда медициналық пакеттер екі түрге бөлінген, біріншісі – дәрігерлік көмекке жүгінуші азаматтар үшін 15 жеңілдік қарастырып, дәрігерлік аударым болсын-болмасын тегін көмек алуы заңмен бекітілген. Бұл топқа 18 жасқа толмаған балалар, мүгедектер, жұмыс істемейтін әйелдер, студенттер секілді 15 санатқа кіретін пациенттерге мемлекет тарапынан жеңілдік берілген. Және қандай да бір оқыс апат орын алған жағдайда, шұғыл ота жасау керек болғанда пациенттің сақтандыруы болсын-болмасын жедел жәрдем қызметі тегін көрсетіледі. Емханадағы учаскелік дәрігердің көмегі де тегін жасалады. Қант диабетімен, қан аруымен ауыратындарға, қан қысымымен дәрігерлік есепте тұратын динамикалық бақылауда тұратын санатқа жататын науқастарға да дәрігерлік көмек тегін көрсетіліп, жарна мемлекет тарапынан қаржыландырылады, – деді МӘМС қорының облыстық филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов.

Ал енді жұмыс істейтін азаматтарға сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті. Ол жоқ жерде дәрігерлік көмек ақылы жүргізіледі. Сондықтан, еңбеккердің жарнасы мен мекеме аударымының МӘМС қорына ай сайын түсіп тұруына әр мекеменің бухгалтериясы жауапты қарағаны жөн.
Сонымен қатар, дәрігерлік ем-шара дұрыс көрсетілмеген жағдайда да медициналық мекеменің аудит маманына, басшылығына арызданып, шағымдану да мүмкіндігі айтылды. Пациент ем-домды өзінің таңдаған жерінен алуға, яғни медмекемені таңдауға құқылы.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады