Семей теміржолшылары дін қызметкерлерімен кездесті

Аймақтар
15.04.2022, 09:55
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Аягөз локомотив пайдалану депосында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің теміржолшылармен кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиынға депо қызметкерлері, машинистер қауымы мол жиналып, ақпараттық топ жетекшісі Ерлан Досымұлы мен Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлының бабалардан жеткен дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтары жайлы әңгімесін тыңдады. Олар жиналғандарды деструктивті топтардың жымысқы іс-әрекетінен хабардар етіп, арандатушы діни радикалды идеялар шырмауынан сақтануға шақырды.

Жалпы, бүгінгі күндері ел шығысы бойынша діни ахуал қалыпты болғанымен, Аягөз өңіріндегі жағдай ерекше назарда. Оған себеп те жоқ емес. Соңғы жылдары өңірде дін атын жамылып адасқан топ өкілдері құқық қорғаушылар құрығына жиі ілініп жүр. Астыртын түрде есірткі саудасымен айналысатын мұндай «діндарлардың» барлығы жастар екен. Сондықтан, діни сауаттылық қажет. Бір қуантарлығы, олардың арасында теміржолшылар жоқ. Әйтсе де, тез еліктегіш жас буынның шалыс басуына көпшілік болып жол бермей, оларды арандатудан сақтандыруды естен шығармаған жөн. Бұл орайда ақпараттық топ мүшелері зайырлы қоғам ұстанымдарына арқа сүйей отырып, дін мен дәстүрге тең мән беру керектігін, конфессияаралық келісім мәселелерінің ұдайы сақталуы қажеттігін де сөз етті.

Мазмұнды да тартымды өткен жиын локомотившілердің де көңілінен шыққаны анық, олар да кезегімен сөз алып, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Тақырып аясында өзіндік ой-пікірлерін де білдірді. Осындай танымдық-тағылымдық мәні зор кездесулерді жиі өткізіп тұру керектігін де айтып өтіп, ақпараттық топ мүшелеріне алғыстарын білдірді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті